USD
USD
USD

Беларусьтің Жоғарғы Соты Қырғызстанға Бакиевті беруден бас тартты

Беларусьтің Жоғарғы Соты Қырғызстанға бұрынғы президент Құрманбек Бакиевті беруден бас тартты. Сот саясаткерге тағылған айыптар "саяси себептер бойынша қудалаумен" байланысты деген шешім қабылдады, деп хабарлайды ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметі.

Беларусьтің Жоғарғы Соты Қырғызстанға Бакиевті беруден бас тартты
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Қадағалау органының хабарлауынша, бұрынғы президентке қатысты 2016 жылғы 29 шілдедегі сот шешімімен 2010 жылы 7 сәуірде болған оқиғалар мен қылмыстың басқа да эпизодтары бойынша 30 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалған.

Қырғыз Республикасының Бас прокуратурасының айтуынша, Беларусьтің Бас прокуратурасына Бішкек гарнизонының әскери соты мен әскери соттың қылмыстық істер және әкімшілік құқық бұзушылық істері жөніндегі сот алқасының 2016 жылғы 23 мамырдағы үкімдерін мойындау және орындау туралы өтініш жіберді. Бас прокуратура Бакиевті қылмыстық жауапкершілікке тарту үшін оны елге қайтару туралы төрт сауал жолдаған.

Қазір оқып жатыр

Түркістан облысындағы ауылдарда сел жүріп, тұрғын үйлер мен қора-жайларды су басты

Сел

Ресейден 2,1 млн вакцина жеткізілмек: Қазақстанда тұмауға қарсы екпе басталды

Дәрігер

Лауазымды адамдар «Семей орманында» ағашты заңсыз кесу схемасын ұйымдастырды деген күдікке ілінді

Ағаш тиеген жүк көлігі

Александр Лукашенко қазақтар мен белорустарды «қан байланыстырған жақын халықтар» деп атады

Олжас Бектенов, Александр Лукашенко