Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Беларусьте журналист Дмитрий Лукшаның қылмыстық ісі бойынша үкім шықты

Минск қалалық соты журналист Дмитрий Лукшаның қылмыстық ісі бойынша үкім шығарды, деп жазды Sputnik Қазақстан.

Беларусьте журналист Дмитрий Лукшаның қылмыстық ісі бойынша үкім шықты
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE . "Беларусь сегодня" ақпарат агенттігі хабарлағандай, Дмитрий Лукша 500 базалық шама (112 000 теңге) мөлшерінде айыппұл төлеумен 4 жылға бас бостандығынан айырылды. Ол жалпы режимдегі түзеу мекемесінде жазасын өтейді.

Қылмыстық іс бойынша бес айыпталушы, оның ішінде журналистің әйелі де бар. Бұған дейін "Беларусь 1" телеарнасында жұмыс істеген Дмитрий Лукшаға қоғамдық тәртіпті өрескел бұзатын әрекеттерді ұйымдастырды және дайындады немесе оларға белсенді түрде қатысты, сондай-ақ Беларусь елінің беделін түсірді деген айып тағылды.

Дмитрий Лукша қамауға алынғанға дейін қазақстандық "Хабар 24" телеарнасының штаттан тыс тілшісі болып жұмыс істеген. 2021 жылдың қарашасынан 2022 жылдың наурызына дейін ол "Хабар 24" және басқа да шетелдік арналар үшін Беларусьте болып жатқан оқиғалар туралы репортаж түсірді.

"Осындай бірқатар репортаждың сюжетінде Беларусьтегі жағдай туралы ашық теріс және сенімсіз ақпарат болған: дүкендердегі тауарлардың жетіспеушілігі, Беларусь аумағындағы лагерьде тұратын босқындардың күрделі жағдайы, Ресейдің Украинадағы арнайы операциясындағы біздің елдің рөлі", - деп жазды басылым.

Сонымен қатар, басылым ақпаратынша, айыпталушылардың барлығы 2020 жылғы наразылық акцияларына белсенді қатысқан. Үкім шыққан кезде айыпталушылардың қолында кісен болды. Сот залында айыпталушының туыстары мен достары, шамамен он шақты адам болды.

Қазір оқып жатыр

«ҰБТ-дан 125 балл жинағанымен, грантқа ілікпеді»: жетісулық ата-аналар шағымын жеткізді

ҰБТ

Қант нарығы әлі де импортқа тәуелді: отандық өндірістің үлесі тек 29%

қант импорты

Қажылыққа апарамын деп елден 60 млн теңге жинап алған екі астаналық сотталды

Қажылық

Қазақстанда сауда өсімі екі есеге жуық баяулады – экономист

әлеуметтік маңызы бар тауарлар