USD
USD
USD

Беларусьте жалпыұлттық ереуіл болып жатыр

17 тамызда Беларусьте жалпыұлттық ереуіл жарияланды. Минск трактор зауыты, «Гродно Азот», МАЗ, «Белшина», БМЗ және басқа да кәсіпорындар ереуілге қатысатынын хабарлады.

Беларусьте жалпыұлттық ереуіл болып жатыр
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. 17 тамызда таңертең «Беларуськалий» кәсіпорынының жұмысшылары да ереуілге қосылды, деп хабарлады TUT.by. БеалАЗ жұмысшылары да ереуілге шықты. Дүйсенбіден бастап Белтелерадиокомпаниясының журналистері ереуіл бастайтынын айтқан.

Олардың барлығы Беларусьте қайтадан сайлау өткізуді, оған үміткерлердің барлығын қатыстыруды, саяси тұтқындарды босатуды, халыққа күш көрсеткендерді, соның ішінде Беларусь ІІМ мен арнайы жасақ басшылығын қызметтен алуды талап етті.

Минск трактор зауытының (МТЗ) жұмысшылары дүйсенбі күні таңертең көшеге шығып, Минск дөңгелек тірегі зауытына қарай беттеді. Бұл зауытқа сол кезде тікұшақпен президент Александр Лукашенко қонған.

Оппозициялық телеграм-арналарда жұмыс күндері сағат 18:00-де Минскіде Тәуелсіздік алаңына жиналу туралы үндеу тарады. Бірақ мұндай жоспарды ресми ереуіл комитеттері әзірге растаған жоқ.

«Біз бейбітшілікті қалаймыз, мәселенің бейбіт шешілуін жақтаймыз. «Беларуськалий» секілді кәсіпорын жұмысын тоқтату - экономикаға үлкен соққы: дәрігерлер мен ұстаздарға жалақы төлеп, бюджетті толтыру керек. Бұны біз жақсы түсінеміз. бірақ билікке ықпал етудің басқа амалы қалмады», - деп мәлімдеді «Беларуськалий» жұмысшылары. Зауыт басшылығы талаптарды жазбаша өткізіп, өндірісті тоқтатпауға үндеген. Бірақ жұмысшылар бұған келіспеді.

Беларусь президенті Александр Лукашенко 17 тамызда таңертең Минск дөңгелек тетігі зауытының ереуілге шыққан жұмысшылары алдында сөз сөйлеп, сайлау қайта ұйымдастырылмайды деп мәлімдеді.

Бұл жиналысқа қатысқан жұмысшылар оған «Кет!» деп айқайлады. Лукашенко оларға: «Маған қысым жасап, ойлағаныңды жасату қолыңнан келмейді. Сендер мені өлтірмейінше, ол (сайлау) өтпейді. Өйткені МДТЗ да, МАЗ да, БЕЛАЗ да болмайды, жарты жылда біз бәрінің көзінің жоямыз», - деп жауап берген. Беларусь президентінің бұл сөзін «Интерфакс» таратты.

Беларусьте президент сайлауы 9 тамызда өтті. Беларусь орталық сайлау комиссиясы Лукашенконы жеңімпаз деп жариялады. Содан бері елде әділ сайлау талап етушілердің наразылық акциялары толастамай тұр.

Қазір оқып жатыр

«Алматы қаласындағы ахуал да тым күрделі»: Тоқаев Мирзиеёвтің бастамасын қолдады

Ақорда

«Хан Шатырдың» сатылатыны туралы жарнама жалған болып шықты

Хан шатыр

Қасым-Жомарт Тоқаевты Бұқара әуежайынан Шавкат Мирзиёев күтіп алды

Ақорда

Құлыбаевтар республикалық бюджетке қайырымдылық ретінде қомақты сома аударған

Халық банк