USD
USD
USD

Беларусьте сотталған Қазақстан азаматтары жазасын елде өту үшін экстрадицияланды

Беларусь Республикасының Бас прокуратурасы сотталған Қазақстан Республикасының «К» және «М» есімді азаматтарын елге қайтару туралы сұранысын қанағаттандырды.

Беларусьте сотталған Қазақстан азаматтары жазасын елде өту үшін экстрадицияланды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Азамат «К»  Беларусияда аса ірі мөлшерде пара бергені үшін, азамат «М» жеке құжаттарды ұрлағаны, тонағаны, және ұрлық жасағаны үшін тиісінше 5 жыл және 7 жыл 6 айға сотталған.

Бас прокуратура мен Ішкі істер министрлігінің қызметкерлері Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің көмегімен аталған азаматтарды жазасын одан әрі өтеу үшін Қазақстанға жеткізді. 

Қазіргі уақытта олар Астана қаласының тергеу изоляторына қамалды.

Қазір оқып жатыр

Face ID жүйесіне қарсы шыққандарды полиция алып кеткен: басқарма не дейді?

Face ID

Тоқаевтың кітабы әлеуметтік желілерде қызу талқы тудырды: қазақстандықтар не дейді?

Кітап

Жетісу облысында оқушы қызды экскаватор қағып кетті

Эксковатор дөңгелегі

«Қолында суық қару болды»: Қостанайда футболшыға шабуыл жасалды

Пап-Алиун Ндиайе