USD
USD
USD

Беларусьте шенеуніктерді өлім жазасына кесу туралы Заң күшіне енді

Сенбі, 25 наурызда Беларусьте мемлекетке опасыздық жасаған шенеуніктер мен әскери қызметкерлерге өлім жазасын қолдану мүмкіндігін қарастыратын заң күшіне енді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Беларусьте шенеуніктерді өлім жазасына кесу туралы Заң күшіне енді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Заңда лауазымды тұлғаларды мемлекетке опасыздық жасағаны үшін қылмыстық жауаптылыққа тарту көзделеді.

"Қылмыстық жауапкершілік туралы кодекстерге өзгерістер енгізу туралы" заң жобасын министрлер кеңесі Беларусь Ұлттық жиналысының өкілдер палатасына 2022 жыл қазанның соңында енгізген. 2023 жылдың ақпанының соңында ол Парламентте екі оқылымнан өтіп, одан кейін Республика Кеңесі мақұлдады.

Беларусь президенті Александр Лукашенко құжатқа 9 наурызда қол қойды, ал заң 14 наурызда Беларусьтің Ұлттық құқықтық интернет-порталында жарияланды. Құжатта оның ресми жарияланғаннан кейін он күн өткен соң қолданысқа енетіні көрсетілген.

Заң мемлекеттік қызметтегі барлық адамдарға қатысты екені және осы заң аясында өмір бойына бас бостандығынан айыру немесе өлім жазасын қолдану қарастырылатыны айтылған.

Қазір оқып жатыр

Алматы – Қорғас тасжолындағы көлік апаты: тағы бір адам ауруханада көз жұмды

жол апаты

Қара тізімге енген Alibaba Пентагонды сотқа берді

Alibaba

Еуроодақ заңсыз мигранттарды Қазақстанға жіберуі мүмкін бе: СІМ жауап берді

СІМ

АҚШ-та жұмбақ жағдайда қайтыс болған қазақстандық жігіттің денесі елге әкелінді

Әсет Құралбай