Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Беларусьте алғашқы онлайн үйлену тойы өтті

 Жас-жұбайлар індетке байланысты өз салтанатын кейінге қалдырмауға бел буып, осындай шешімге келіпті. Той ұйымдастырушысы жастардың тілектерін ескеріп, неке қию рәсімін керемет мейрамханада өткізді.

Беларусьте алғашқы онлайн үйлену тойы өтті
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Бір ерекшелігі, қонақтар мұның бәрін қашықтан тамашалады. Той ұйымдастырушылары шынайы және виртуалды дүниені түйістірді. Салтанатты шараны да уақыт талабына сай безендірді. Жас-жұбайларды дәрігер халатын киген аниматор қарсы алып, жүзік алмасу алдында антисептикпен қол жууды ұсынды. Тойда қызмет еткендердің барлығы қолғап пен бетперде тағып жүрді.

Алдағы күндері осындай тойлар Минсктің өзге де мейрамханаларында өтуі әбден мүмкін. Өйткені. бұл шара жастардың бақытына тіпті індет кезі де кедергі келтірмейтінін айқын көрсетті. Жас жұбайлар өз тойына қонақтарды әлемнің кез келген жерінен шақыра алады. Виртуалды дастарханның төрінде әрине ата-аналары отырады. Ал қалыңдықтың гүл шоғын қонақтарға тастау секілді барлық салт-дәстүрді техниканың көмегімен де өткізуге болады.

Қазір оқып жатыр

Тоқаев қазақстандықтарды Құрылтай сайлауына қатысуға шақырды

Тоқаев

eGov пен мемлекеттік сервистердің уақытша істен шығу себебі айтылды

eGov

Магистратура бойынша грант иегерлерінің тізімі қашан жарияланады?

грант

ФИФА Қазақстанда балалар мен жасөспірімдер футболын дамытуға 250 мың доллар бөлді

ФИФА