USD
USD
USD

Беларусьта оппозициялық кеңесті құрағандарға қылмыстық іс қозғалды

Беларусь бас прокуратурасы Оппозицияның үйлестіру кеңесін құрғандарға «билікті күшпен тартып алмақ» бабы бойынша қылмыстық іс қозғады. Бұл жөнінде елдің бас прокуроры Александр Конюк мәлімдеді. Айыпталғандар бес жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Беларусьта оппозициялық кеңесті құрағандарға қылмыстық іс қозғалды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Апта басында президент сайлауының нәтижесіне келіспейтін оппозиция өкілдері Минскіде Үйлестіру кеңесін құратынын мәлімдеген. Кеңес құрамында әдебиет бойынша Нобель сыйлығының лауреаты Светлана Алексиевич, бұрынғы мәдениет министрі Павел Латушко, президенттіктен үміткер Виктор Бабарико мен Светлана Тихановская бар. Олар ел президенті Александр Лукашенкомен келіссөз болады деп үміттенетінін жеткізген. Ал Лукашенко оларды «нацистер»деп айыптап, кеңестің құрылуын заңсыз деп атады. Үйлестіру кеңесінің мүшелері болса, бұл кеңес ел заңдарын бұзбайды деп мәлімдеген.

Қазір оқып жатыр

Борышкерлердің шотында өмір сүруге жететін қаражат қалуы керек – депутат

Алмас Мұхаметов

Тоқаев «Лукойл» компаниясының негізін қалаушы Вагит Алекперовпен кездесті

Қасым-Жомарт Тоқаев, Вагит Алекперов

Тіл жайлы сөзі үшін басы дауға қалған гидті полиция тексереді

Татьяна

Шұжықта не барын ДНҚ арқылы анықтайтын тест әзірленді

баға