Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Беларусьпен әуе байланысын тоқтатқандардың қатары көбейіп жатыр

ЕО саммитінде беларустық әуе компанияларға ЕО әуежайларына рейс жүргізуге тыйым салу туралы құжат қабылданды. Ryanair ұшағына қатысты оқиғадан кейін бірқатар ел Беларусьпен арадағы әуе қатынасын тоқтата бастады немесе әуе компанияларына бұл елдің әуе кеңістігіне кірмеуге кеңес берді. Бұл туралы inbusiness.kz хабарлады.

Беларусьпен әуе байланысын тоқтатқандардың қатары көбейіп жатыр
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. ЕО саммитінде беларустық әуе компанияларға ЕО әуежайларына рейс жүргізуге және ЕО аумағынан ұшуға тыйым салу туралы шешім қабылданды. 25 мамырға дейін Украина, Британия, Литва, Латвия, Сингапур, Германия, Нидерланд, Франция, Финляндия, Австрия, Польша, Испания, Жапония, Эстония, Швеция елдері әуе байланысын тоқтатты. Еске сала кетсек, 23 мамырда Афина-Вильнюс бағытында ұшып бара жатқан Ryanair ұшағы Минскіге шұғыл қонуға мәжбүр болды. Минск әуежайынан ұшаққа мина қойылған деген хабарлама жіберілген болатын. Әуе кемесі жерге қонғаннан кейін, Беларусь қауіпсіздік күштері борттағы Протасевичті тұтқындады. Лайнер бортында жарылғыш құрылғы бар деген деректер расталмады. Протасевичке экстремистік ұйым құрды және 2020 жылғы тамыздағы президенттік сайлаудан кейін жаппай тәртіпсіздікке шақырды деген айыптар тағылды.

Қазір оқып жатыр

«Әділет» партиясы: Қазақстан шикізатты аз, дайын өнімді көп сатуы керек

Айбек Дәдебай

ҚХП алимент бойынша берешекті өтеу үшін арнайы қор құруды ұсынды

Нұрсұлтан Шоқанов

«Байтақ» төрағасы: Біз Экономика және Қаржы министрлігін алмастырмаймыз

дебат

Іле Алатауы табиғи паркінде 13 гектар аумақ өртке оранды

Орман өрті