USD
USD
USD

Беларусь Литва және Польшамен шекараны жауып жатыр

Беларусь Литва және Польшамен шекараны жабады. Украинамен шекараны күшейтеді. Осылай деп Беларусь президенті Александр Лукашенко мәлімдеді.

Беларусь Литва және Польшамен шекараны жауып жатыр
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Біз көшелерден әскерді шығарып, батыспен шекараны жабуымыз керек», – деп мәлімдеді Лукашенко әйелдер форумында сөйлеген сөзінде. Осылай деп Азаттықтың беларусь қызметі хабарлады. Лукашенко сөйлеген сөзінде өзге елдердің сайлауды мойындауын қажет етпейтінін айтып, ОМОН өкілдеріне наразылық акциясы кезіндегі әрекеттері үшін мақтау айтты.

9 тамызда өткен президент сайлауының жеңімпазы Александр Лукашенко деп жарияланғаннан кейін елде үздіксіз наразылық шаралары өтіп келеді. Сайлау қорытындысы бұрмаланды деп санайтын наразылар Лукашенко отставкасын және демократия талаптарына сәйкес сайлау өткізуді талап етіп отыр. Қарсылық акциялары кезінде оппозицияның бір бөлігі билік тарапынан жасалынған қудалаудан қауіптеніп, елден кетуге мәжбүр болды. Еуропарламент Александр Лукашенконың сайлауда жеңіске жеткенін мойындамайтынын мәлімдеді.

Қазір оқып жатыр

Шұжықта не барын ДНҚ арқылы анықтайтын тест әзірленді

баға

«Қызыл кітаптағы өсімдіктерге зиян тимейді»: Көкжайлаудағы SuperSki жобасы туралы не белгілі?

Almaty Superski

Депутат Ерлан Сайыр Моральдық кодекс әзірлеуді ұсынды

Ерлан Сайыров

«Asar Baspana» қаржы пирамидасының ұйымдастырушылары сотталды

рақымшылық