USD
USD
USD

Беларусь Қытайдан қарыз алмақ

Беларусь бұрынғы қарыздарын өтеу үшін Қытайдан 500 миллион доллар кредит алмақ. Ел президенті Александр Лукашенко қарыз алуды мақұлдап, қаржы министрлігіне келісімге қол қоюды тапсырған. Бұл туралы ТАСС ақпарат агенттігі хабарлады,

Беларусь Қытайдан қарыз алмақ
Фото: NEGE.kz

– деп жазады azattyq.org. 

Алматы, NEGE. Азаттық радиосының жазуынша, соңғы уақытта Беларусь экономикасы тұралап, елдің сырттан алатын қарызы артып келеді. Бұған дейін Минск Ресейден 600 миллион доллар қарыз алған.

Ресей қаржы министрлігі қазанда Беларусь еліне алдағы уақытта қарыз беру Мәскеу мен Минск арасындағы интеграция жоспарының жүзеге асуына тікелей байланысты екенін айтқан. Ресей мен Беларусь 1999 жылы одақтас ел келісіміне қол қойған. Бірақ бұл келісім әлі толық іске аспады. 2019 жылғы 7 желтоқсанда Ресей президенті В.Путин мен А.Лукашенко одақтас ел шартын талқылау үшін Сочиде кездесті. Дегенмен, екі тарап толық келісе алмады.

Ресей және Беларусь ақпарат агенттіктерінің дерегінше, екі президент бұл мәселені тағы талқылау үшін 20 желтоқсанда Санкт-Петербургте кездесуді жоспарлап отыр.

Қазір оқып жатыр

Шұжықта не барын ДНҚ арқылы анықтайтын тест әзірленді

баға

«Қызыл кітаптағы өсімдіктерге зиян тимейді»: Көкжайлаудағы SuperSki жобасы туралы не белгілі?

Almaty Superski

Депутат Ерлан Сайыр Моральдық кодекс әзірлеуді ұсынды

Ерлан Сайыров

«Asar Baspana» қаржы пирамидасының ұйымдастырушылары сотталды

рақымшылық