USD
USD
USD

Беларусь қалаларында тәртіпсіздік болды

Сайлау учаскелері жабылып, мемлекеттік экзитполдың нәтижесі жарияланғаннан кейін Беларусьтің бірнеше қаласында оппозиция тарапынан азаматтар шыға бастады.

Беларусь қалаларында тәртіпсіздік болды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Ел бойынша интернет пен мобильді байланысты кесілді. Тіпті мемлекеттік БАҚ-тың сайттары ашылмады. Қала көшелеріндегі шамдар да әр жерден сөндірілді.

Telegram-каналдардың хабарлауына қарағанда, Минскіде Жеңімпаздар және Машеров даңғылдарының қиылысында орналасқан «Минск – город-герой» стеласының алдына, сондай-ақ Жеңіс алаңына мыңдаған адам жиналған. 

NEXTA Live деректеріне қарағанда, Немигте тұтқындарды тасымалдайтын үлкен көлік  наразы топты қаққан. Зардап шеккендер бар, қайтыс болғандар да болуы мүмкін. «МБХ медиа» ОМОН жиналғандарды бос оқпен атып жатқанын атап өтті. РИА Новости наразы топтың ішінде жарақат алғаны бар, денесінде қан іздері бар деген ақпарат таратты. «Минск – город-герой» стеласының алдында қарулы күштер көзді жасаурататын газ пайдаланған. Зардап шеккендерге көмек көрсетілген.

Қазір оқып жатыр

Қырғызстанда фемицид үшін Қылмыстық кодекске жеке бап енгізу ұсынылды

фемицид

Алматыда жас қыздың үстіне қураған ағаш құлады: полиция қылмыстық іс қозғады

Қылмыстық іс

Алматы соты «журналистерді қамап қойды» деген ақпаратты теріске шығарды

журналистерді қамап қойған

Маңғыстаудағы ауылдардың бірінде сексеннен астам үйдің ауласын су басты

су басу