USD
USD
USD

Беларусь олимпиадалық санкциялардан құтылады

Қазақстанмен бірге Еуразиялық одаққа мүше Беларусь биыл олимпиадалық санкциялардан құтыла бастайды.

Олимпиялық санкциялар
Фото: ғаламтордан

Алматы, NEGE. Бұл елдің спортшылары 2000 жылдардан бері алғаш рет, 2025 жылы Еуропалық жасөспірімдердің Олимпиада фестиваліне қатысатын болды.

Бұл санкциялық қысымдардың спорт саласында сетіней бастағанын білдіре ме? Сарапшылардың байламы бұл тұрғыда екіге жарылды.

Өйткені, беларустік балалар нейтралды мәртебеде өнер көрсетеді. Яғни, жарыстарға республикасының мемлекеттік туын көтеріп шыға алмайды. Алтын медаль алып, жеңіс тұғырына көтерілсе, бұл елдің әнұраны ойналмайды.

Қалай болғанда, Еуропалық Олимпиада комитеті (ЕОК) жасөскін беларустік спортшыларды жасөспірімдердің олимпиадалық фестивалдерінде бақ сынауға жіберу туралы шешім қабылдағанын жариялады.

Құрлықтағы бұл байрақты бәсеке алдымен биыл ақпанда Грузияның Бакуриани шаһарында, содан соң шілдеде – Солтүстік Македонияның астанасы Скопьеде өтеді.

"Бұл жерде бірнеше гәп бар. Біріншіден, беларустік спортшы балалар тек бейтарап статуста қатыса алады. Егер ең құрығанда, киіміне кез келген сипатта мемлекеттік туын бейнелеуге тырысса немесе кішкентай жалауша алып өтуге тырысса, дереу ойыннан шеттетіледі. Өз елінің патриоты, отаншыл азамат үшін бұдан асқан қорлық бар ма?! Екіншіден, ЕОК-тың бұл шешімі – ақырғы емес! Беларусьтен спорттық санкцияларды ішінара алып тастауды әрбір спорт түрі бойынша барлық халықаралық федерациялар қолдауы шарт", – деп түсіндірді мамандандырылған Sport-express халықаралық басылымының спорт бөлімінің басшысы Олег Шамонаев.

Қазір оқып жатыр

Daryn.online платформасына жүргізілген тексеру нәтижесінде әкімшілік іс қозғалды

дербес деректің таралуы

Алматы әкімдігінің туристік турнесіне 1 млрд теңгедей бюджет қаражаты жұмсалған

Алматы әкімді

Марқұм Ұлдананың күйеуі өтемақыны қайтаруға міндетті ме – Заңгер жауабы

дәрігер

Қазақстан Ресей мұнайын өңдеп, кейін кері жөнелтуі мүмкін

мұнай өңдеу