6 Наурыз 11:40
...

Бектенов және Ұлттық қор. 2024 жылдың статистикасы НЕГЕ аса маңызды?

Ұлттық қор
Фото: Фото: Nege.kz

Ұлттық қор 2023 жылды жаман аяқтаған жоқ. Мұнайдан оған 4,56 триллион теңге келіп түсті. Инвестициялық кірістілік 11,38 пайызға жетіп, рекорд орнатты. Ал бюджетке қордан 4,1 триллион теңге алынды.

Енді осы жағымды трендты жаңа министрлер кабинеті ары қарай алып жүре ала ма деген сұрақ туындайды. Мұнай бағасы тұрақты болып отыр. Онымен бірге, артық бюджет шығындарын қысқарту бойынша тапсырма бар.

Қай Премьер-Министр Ұлттық қорға пайдасын әкелді, ал қайсысы зиянын тигізді? Nege.kz сараптама бөлімі 2013-2023 жылдар аралығындағы кезеңді зерттеп, әр жылдың статистикасын шығарды.

Ұлттық қор
Фото: Nege.kz

Ұлттық қорға ең үлкен плюс алып келген премьер Серік Ахметов, ең үлкен минус жасаған Асқар Мамин болып шықты.

2013 жыл. Премьер-министр Серік Ахметов. Қорға мұнайдан 3,43 триллион теңге түсті. Ал бюджетке 1,4 триллион теңге алынды. Плюс 2,03 триллион теңге.

2014 жыл. Премьер-министр Серік Ахметов. Қорға мұнайдан 3,5 триллион теңге түсті. Ал бюджетке 1,9 триллион теңге алынды. Плюс 1,06 триллион теңге.

Ахметов
Фото: ҚР Үкіметі

2015 жыл. Премьер-министр Кәрім Мәсімов. Қорға мұнайдан 1,6 триллион теңге түсті. Ал бюджетке 2,4 триллион теңге алынды. Минус 800 миллиард теңге.

2016 жыл. Премьер-министр Кәрім Мәсімов. Қорға мұнайдан 1,13 триллион теңге түсті. Ал бюджетке 2,8 триллион теңге алынды. Минус 1,67 триллион теңге.

Масимов
Фото: ашық көздерден

2017 жыл. Премьер-министр Бақытжан Сағынтаев. Қорға мұнайдан 2 триллион теңге түсті. Ал бюджетке 4,4 триллион теңге алынды. Минус 2,4 триллион теңге.

2018 жыл. Премьер-министр Бақытжан Сағынтаев. Қорға мұнайдан 3,2 триллион теңге түсті. Ал бюджетке 2,6 триллион теңге алынды. Плюс 600 миллиард теңге.

Сағынтаев
Фото: Алматы әкімдігі

2019 жыл. Премьер-министр Асқар Мамин. Қорға мұнайдан 2,85 триллион теңге түсті. Ал бюджетке 3,07 триллион теңге алынды. Минус 220 миллиард теңге.

2020 жыл. Премьер-министр Асқар Мамин. Қорға мұнайдан 1,4 триллион теңге түсті. Ал бюджетке 4,7 триллион теңге алынды. Минус 3,3 триллион теңге.

2021 жыл. Премьер-министр Асқар Мамин. Қорға мұнайдан 2,6 триллион теңге түсті. Ал бюджетке 4,5 триллион теңге алынды. Минус 1,9 триллион теңге.

Мамин
Фото: ҚР Үкіметі

2022 жыл. Премьер-министр Әлихан Смайылов. Қорға мұнайдан 6,4 триллион теңге түсті. Ал бюджетке 4,6 триллион теңге алынды. Плюс 1,8 триллион теңге.

2023 жыл. Премьер-министр Әлихан Смайылов. Қорға мұнайдан 4,65 триллион теңге түсті. Ал бюджетке 4,1 триллион теңге алынды. Плюс 460 миллиард теңге.

Смайылов
Фото: ҚР Үкіметі

2024 жылдан бастап Ұлттық қордың толығуы мен трансферттеріне Үкміет басшысы Олжас Бектенов жауапты. Жаңа премьер плюс әкеле ме, әлде минус бола ма, оны уақыт көрсетеді.

Тегтер: