USD
USD
USD

Премьер-министр түнде тұрғындардың тыныштығын бұзатын көлік иелерін қамауға алуды тапсырды

Премьер-министр Олжас Бектенов түнгі уақытта қатты дыбыс шығарып, тұрғындардың тыныштығын бұзатын мотоциклдер мен автокөлік жүргізушілеріне қатаң шара қолдануды тапсырды.

Мотоцикл
Фото: pexels.com

Астана, NEGE. Үкімет отырысында Бектенов бұл мәселені ішкі істер министрі Ержан Сәденовпен бірнеше рет талқылағанын айтып, түн ортасында адамдардың мазасын алатын жүргізушілерге қандай шаралар қолданылып жатқанын сұрады.

Ішкі істер министрі Ержан Саденов мұндай фактілер полицияның бақылауында екенін атап өтті. Оның айтуынша, құқықбұзушылықтарды анықтауда бейнебақылау камералары мен цифрлық шешімдер қолданылуда. Сонымен қатар тұрғындар 102 нөміріне хабарласып, құқықбұзушылықтар туралы ақпарат береді.

«Жыл басынан бері 372 факт тіркелді. Олардың барлығы әкімшілік жауапкершілікке тартылды, 55 адам қамауға алынды. Көліктер мен мотоциклдерді автотұраққа да алып жатырмыз. Бұл жұмысты күшейтеміз», – деді министр.

Бектенов түнгі уақытта тұрғындардың тыныштығын бұзатын жүргізушілерге қатысты жазаны қатаңдату қажет екенін айтты.

Қазір оқып жатыр

Ақтөбеде тағы бір келіншек бұрынғы күйеуінің қолынан ажал құшты: күдікті ұсталды

Полиция көлігі

Қазақстанда Toyota мен Lexus көліктерін несиеге беретін компанияға ескерту жасалды

көлік

Қазақстанда медициналық ұйым басшыларының әрбір бесіншісі тестілеуден өте алмаған

МӘМС

«Мұраң мәңгі жасайды»: Головкин Криштиану Роналдуға үн қатты

Головкин және Роналду