USD
USD
USD

Бектенов шетелдік рұқсат бланкілерін беруді цифрландыру жұмысын жалғастыруды тапсырды

Премьер-министр Олжас Бектенов Президенттің көлік-транзиттік әлеуетті дамыту жөніндегі тапсырмаларын жүзеге асыру бойынша кеңес өткізді.

Олжас Бектенов
Фото: Үкіметтің баспасөз қызметі

Астана, NEGE. Кеңесте Үкімет басшысы саланы цифрландыру мәселесіне тоқталып өтті. Қазіргі уақытта әлемнің 42 елімен көлік қатынасы іске асырылуда, тасымалдауға арналған шетелдік рұқсат бланкілерінің саны 2022 жылмен салыстырғанда 3 есеге өскен. Бұл процедураны жеңілдету және жеделдету үшін бланкілерді беру процесі электронды форматқа ауыстырылды. CarGoRuqsat жүйесі енгізілді, Қытаймен шексіз алмасу қамтамасыз етілді, шетелдік рұқсат бланкілерінің 70%-ы цифрландырылды.

«Президент транзит – біздің еліміздің басты бәсекелестік артықшылықтарының бірі екенін әрдайым айтып келеді. Дегенмен тапсырмалардың орындалуына сын-ескертпелер бар, толық қамту мен жеделдік жетіспейді. Мен динамиканы тікелей өзім қадағалайтын боламын. Біздің міндетіміз – жұмыстың барлық бағыттары бойынша күш жұмылдыру», – деп атап өтті Олжас Бектенов.

Премьер-министр халықаралық серіктестермен шетелдік рұқсат бланкілерін берудің цифрлық форматына көшу жұмыстарын жалғастыруды тапсырды.

Қазір оқып жатыр

Тоқаев: «Болашақ ойындары» елдер арасындағы алтын көпірге айналады

.

Қостанайдағы әлеуметтік қызмет көрсету орталығында 14 жастағы мүгедек бала көз жұмды

Мекеме

Сауда министрлігі: Wildberries-тен Қазақстанда қойма салуға ресми өтініш түскен жоқ

Wildberries

QIC Алматы әуежайындағы үлесін 133 млн долларға сатады

Алматы әуежайы