USD
USD
USD

Бектенов салық кодексін қайта жазуды тапсырды

Қазақстан премьер-министрі Олжас Бектенов үкіметте өткен кеңесте бюджет шығыстары толығымен экономикалық табыс әкелуге бағытталып, өнімсіз шығыстар толығымен жойылуы керектігін атап өтті, деп хабарлады Sputnik.

Салық
Фото: sputnik.kz

Алматы, NEGE. "Қаржы министрлігі 10 күн ішінде республикалық бюджетке және бір ай ішінде жергілікті бюджеттердің барлығына ревизия жүргізіп, аса маңызы жоқ шығыстарды айтарлықтай қысқартуы тиіс. Ешкім де ақшаны орынсыз шашпауы керек", — деді Олжас Бектенов.

Cонымен қатар Бектенов Салық кодексінің жобасын қайта жазып, оның философиясын өзгерту қажеттігін атап өтті.

"Сарапшылар мен бизнес қоғамдастықтарының пікірлерін ескеру қажет. Салық кодексі бизнестің белсенді болуына жағдай жасап, оны ұлғайтуға ынталандыруы керек", — деп тапсырды ол.

Бектеновтің айтуынша, құжатты дайындау кезінде әкімшілендіруді толық цифрландырып, салық жеңілдіктерін беру мәселесін реттеу қажет.

Жалпы премьер-министр бизнеске фискалдық шығындар мен әкімшілік жүктемелерден қорықпай, "өсу" қағидаты бойынша жұмыс істеу үшін тиімді жағдай жасау қажеттігін атап өтті.

Қазір оқып жатыр

Тоқаев пен Димаш әлемдегі ең ықпалды 500 мұсылманның тізіміне енді

Тоқаев және Димаш

Президент ұстанымы: заң алдында бәрі тең, жауапкершілік баршаға ортақ

Қасым-Жомарт Тоқаев

Қазақстан құрамасы Молдоваға тағы да есе жіберді

Қазақстан Молдова

Тоқаев ҚТЖ жұмысын сынға алды

Қтж