USD
USD
USD

Бектенов: мемлекеттік қызметшілер Aitu-ды пайдалануы керек

Премьер-министр Олжас Бектенов мемлекеттік қызметшілер қызметтік ақпаратты тек ұлттық Aitu мессенджері арқылы жіберу керегін айтты.

Олжас Бектенов
Фото: Үкіметтің баспасөз қызметі

Астана, NEGE. Премьер министрдің орынбасары - жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиевтің айтуынша, Aitu мессенджерінде 7 миллионға жуық тіркелген қолданушы бар. Оның 1,3 миллионы ай сайын, 350 мыңы күн сайын белсенді пайдаланады.

Министр Aitu арқылы мобильді интернетті тегін пайдалануға болатынын да еске салды.

Қазір мессенджерде 55 мемлекеттік қызмет қолжетімді eGov GPT жүйесі жұмыс істейді. Жыл соңына дейін электронды үкімет қызметтерінің 75–80 пайызын Aitu-ға қосу жоспарланып отыр.

Премьер-министр ұлттық мессенджерді мемлекеттік органдарға енгізу жұмысының баяу жүріп жатқанын айтты.

«Меніңше, бұл бағытта жұмыс баяу жүріп жатыр. Тездету керек. Aitu – жай мессенджер емес, оның төңірегінде ұлттық экожүйе құруымыз қажет», – деді Олжас Бектенов.

Үкімет басшысы мемлекеттік қызметшілердің күнделікті жұмысында Aitu-ды пайдалануға ерекше назар аударды. Оның айтуынша, қызметтік ақпарат ұлттық мессенджер арқылы ғана жіберілуі керек.

Қазір оқып жатыр

ДСМ ЭКО мен бедеулікті емдеуді күндізгі стационар қызметтерінің тізіміне енгізді

ЭКО

Қазақстан 2027 жылдың соңына дейін 3G желісінен толық бас тартады

Жаслан Мәдиев

Грузияда суррогат ана қызметіне толық тыйым салынуы мүмкін

суррогат ана

Хуангтың Nvidia-ға оралуы компания құнын бір күнде $1 трлн-ға жуық өсірді

Дженсен Хуанг