USD
USD
USD

Бектенов Конституциялық сот шешімін «инвесторлар үшін игілікті қадам» деп атады

Премьер-министр Олжас Бектенов Инвестициялық ахуалды жақсарту жөніндегі кеңес отырысында Конституциялық соттың таяудағы жоғары лауазымды тұлғалардың бір реттік өкілеттік мерзіміне қатысты түсіндірмесіне пікір білдірді.

Олжас Бектенов
Фото: primeminister.kz

Астана, NEGE. Бектеновтің пікірінше, Конституциялық сот өз шешімімен нақты әрі дәл түсіндіріп берді.

«Бір реттік өкілеттік мерзімге қатысты норма жаңа Конституция күшіне енгеннен кейін, яғни биылғы 1 шілдеден бастап тиісті лауазымдарға тағайындалған немесе сайланған тұлғаларға ғана қолданылады. Құқықтық айқындылықтың қамтамасыз етілуі ішкі және сыртқы аудиторияны толғандырған бірқатар мәселені күн тәртібінен алып тастайды. Менің ойымша, бұл саяси-құқықтық жүйенің тұрақтылығы мен болжамдылығына ерекше мән беретін инвесторлар үшін де игілікті қадам болып отыр», – деп атап өтті премьер-министр.

Сондай-ақ ол президенттік реформалар жұртшылық тарапынан кең қолдау тауып отырғанын атап өтті.

Қазір оқып жатыр

Қаза тапқан полицейлердің әйелдеріне төлемді қайта есептейді: ІІМ қателігін мойындады

ІІМ

Шымкентте полицей отырған қызметтік көліктен есірткі табылды

Полиция көлігі

Санжар Боқаевтың ісі: видеограф кінәсін мойындап, куәлік етуге дайын екенін айтты

кісі өлімі

Маңғыстауда алаяқтық дерегі бойынша танымал блогер ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды

Салтанат Аманқосова