USD
USD
USD

Бектенов халықтың нақты табысы неге төмендегенін айтты

Қазақстанда өткен жылы халықтың нақты табысының төмендеуіне жоғары инфляция әсер етті. Бұл туралы премьер-министр Олжас Бектенов Парламенттің жалпы отырысында мәлімдеді.

Мәжіліс
Фото: Фото: ғаламтордан

Астана, NEGE. Сенатор Сергей Карплюк 2025 жылы Қазақстан экономикасы 6,5 пайызға өскенімен, Ұлттық статистика бюросының мәліметінше халықтың нақты табысы 2 пайызға төмендеп, инфляция 12 пайыздан асқанын айтты. Депутат Үкіметтің бұл мәселені шешу үшін қандай шаралар қабылдап жатқанын сұрады.

Премьер-министрдің айтуынша, Үкімет экономикалық өсімді түпкі мақсат емес, халықтың әл-ауқатын арттырудың құралы ретінде қарастырады.

«Өткен жылдың қыркүйегінде инфляция 12,9 пайызға дейін жетті. Үкімет, Ұлттық банк және басқа да мемлекеттік органдар қабылдаған шаралардың нәтижесінде биылғы алғашқы бес айдың қорытындысы бойынша инфляция 10,4 пайызға дейін төмендеді. Жақын уақытта оны 10 пайыздан төмен түсіруді жоспарлап отырмыз», – деді Олжас Бектенов.

Оның сөзінше, жоғары инфляция салдарынан халықтың номиналды табысы өскенімен, нақты табысы төмендеген. Алайда жекелеген салаларда оң өсім сақталған.

«Ауыл шаруашылығында нақты табыс 9,3 пайызға өсті. Сауда, байланыс, сумен жабдықтау және энергетика салаларында өсім шамамен 4 пайызды құрады. Көлік саласында табыс көлік қызметінің бағыттарына қарай 5-10 пайызға артты», – деді премьер-министр.

Бектеновтің айтуынша, қазір Үкімет, Ұлттық банк және Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі инфляцияны төмендетуге бағытталған бірлескен жоспарды іске асырып жатыр. Сонымен қатар халықтың нақты табысын арттыру жөніндегі жеке жоспар қабылданған. Ол импортқа тәуелділікті азайту, отандық өндірісті дамыту және жалақыны арттыруға бағытталған шараларды қамтиды.

Қазір оқып жатыр

«800 млн теңге емес»: Перуашев Алматыдағы үй туралы қауесетке жауап берді

Ақ жол

Біздің елде қоғамды екіге жаратындай саяси дау-дамайлар жоқ – Ерлан Қарин

Ерлан Қарин

Бибісара Асаубаева азаматтығын ауыстырмақ па: Спорт министрлігі жауап берді

Бибісара Асаубаева

«77 адамға 1,8 млрд теңге шығын келтірген»: күдікті Қырғызстаннан жеткізілді

экстрадиция