USD
USD
USD

Бектенов бірқатар өңірде жылу желілерін жөндеу жұмыстары толық аяқталмағанын сынға алды

Үкімет отырысында премьер-министр Олжас Бектенов бірқатар өңірде жылу желілерін жөндеу жұмыстары әлі де толық аяқталмағанын сынға алып, әкімдерге жағдайды бақылауға алуды тапсырды.

Үкімет отырысы
Фото: KZgovernment

Астана, NEGE. Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов Павлодар облысында жылу беру маусымы басталғанын атап өтті. Оның мәлімдеуінше, осы аптаның соңына дейін Солтүстік Қазақстан және Ақмола облыстарында, ал 1 қазанға дейін солтүстік және шығыс өңірлердің қалған бөлігінде жылу беру жоспарланған.

Қазіргі таңда Атырау, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қызылорда және Павлодар облыстарында жұмыстар толық аяқталған. Энергия көздерінде жылыту маусымын бастауға қажетті отын қоры жасақталып, негізгі жабдықтар дайындалған.

Алайда Семей, Степногорск және Петропавл қалаларында дайындық жұмыстары әлі толық аяқталмаған.

«Министрдің баяндамасында бірқатар өңірде жөндеу жұмыстары толық аяқталмағаны айтылды. Аталған өңір әкімдері жылу беру мәселесін тікелей бақылауға алсын. Семей, Степногорск және Петропавл қалаларында жылу жүйесін іске қосуға баса назар аудару қажет», – деді Олжас Бектенов.

Жылу беру маусымына дайындықты бақылау және үйлестіру мәселелері премьер-министрдің бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаевқа жүктелді.

Қазір оқып жатыр

Астанада Павлодар облысының ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтіп жатыр

.

Бес күн де шыдамады: Ақ үйдің жаңа баспасөз хатшысы қызметінен кетпек

Трамп

«Министрдің құпиясына хатшысы арқылы қол жеткізу оңай»: Олжас Сәтиев кибертыңшылық туралы

Decaf

«Яндекс» Қазақстанды екінші орынға ысырып қойды ма?

.