USD
USD
USD

Бекшиннің жаңа қаулысы күшіне енді

Алматылық оқушылар мен студенттер биылғы оқу жылын қашықтан тәмамдайды. Бұл туралы қаланың бас мемлекеттік санитар дәрігері Жандарбек Бекшиннің жаңа қаулысында айтылған.

Бекшиннің жаңа қаулысы күшіне енді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE.  Ал сауда ойын-сауық орталықтары мен сауда үйлері жұмыс күндері ғана таңғы 10:00-ден түнгі 22:00-ге дейін жұмыс істейді. Ашық базарлар мен жабық азық-түлік орындарына рұқсат берілді. Тек жексенбі бір күнге жабылады. Қоғамдық тамақтану орындары жұмыс күндері таңғы сағат 07:00-ден түнгі 22:00-ге дейін жұмыс істейді. Бірақ үстелдердің арасында 2 метр қашықтық болу керек. Демалыс күндері тек ашық алаңдар ғана қонақтарды қабылдай алады. Балабақшалардағы кезекші топтағы бала саны 15-тен аспауы тиіс. Ал, Шымбұлаққа келушілері 500 адамға дейін шектелді. Қаулы бүгіннен бастап күшіне енеді.

Қазір оқып жатыр

Маңғыстаудағы әскерилер қазасынан кейін Қорғаныс министрлігінде 13 қылмыстық іс қозғалды

Қасым-Жомарт Тоқаев

Атырауда лифт құлап, үш адам ауруханаға жеткізілді

Құлаған лифт орны

ІІМ төрт адам қаза тапқан жол апатына бұрынғы полиция қызметкерінің қатысы бар деген ақпаратқа түсініктеме берді

Сая Әуелбекова

Семейде студенттің шотына 25 адамнан 16 млн теңгеден астам қаражат түскен

күдікті студенттер