27 Наурыз 22:26
...

Бекшиннің жаңа қаулысы: Қатаң карантин 12 сәуірге дейін ұзартылды

Фото:

Алматыда карантин шаралары 12 сәуірге дейін ұзартылды. Қаланың бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшиннің жаңа қаулысы жарияланды.

Алматы, NEGE. Қаулыға сәйкес, ЖОО мен колледж студенттері, жалпы білім беретін мектеп оқушыларын қашықтан оқыту форматына ауыстырылады. Сондай-ақ ата-анасының өтініші бойынша жалпы білім беретін мектептердің 1-5, 9 және 11-сыныптарда бала саны 15-ке дейін болатын кезекші топтарды құруға рұқсат берілгені белгілі болды.  

Көңіл көтеру мекемелерінің (караоке, бильярд, компьютерлік, түнгі клубтар мен ойын клубтары, боулинг орталықтары, балалар спорты мен ойын алаңдары, аттракциондар, батуттар және букмекерлік мен лотереялық клубтардың) қызметіне тыйым салынады 

Алматы қаласының эпидемиологиялық жағдайының одан әрі нашарлауын, COVID-19 коронавирустық инфекциясының таралуын оқшаулау мақсатында, мектеп жасындаңы балалар ауруының жоғарылауына байланысты

Қаулы етемін:

 1. «2021 жылдың 21-28 наурызы аралығында Алматы қаласында коронавирустық инфекция ауруының алдын алу жөнінде ic-шараларды күшейту туралы» Алматы қаласының Бас мемлекеттік санитар дәрігерінің 20.03.2021 ж. № 11 қаулысына келесі тольқтырулар мен өзгерістар енгізе отырып, эпидемиологиялық жағдай тұрақталғанға дейін қолданылуы ағымдағы жылдың 12 сәуірін қоса алғанға дейін ұзартылсын:

1) Жалпы білім беретін мектеп оқушылары мен ЖОО және техникалык және кәсіптік білім беретін мекеме студенттері үшін  қашықтықтан оқыту форматына көшірілсін;
2) ата-аналардың өтініші бойынша жалпы білім беретін мектептердің 1-5, 9 және 11 -сыныптарындағы 15 адамға дейінгі балалары бар кезекші топтардың жұмысына рұқсат етілсін;

3) Алматы қаласының Дін істері жөніндегі басқармасы мешіттердің, шіркеулердің және басқа да діни орындардың жұмысындағы шектеулердің сақталуына күнделікті мониторинг жүргізуді қамтамасыз етсін;

4) жеке құдайға құлшылық етуге және дұға етуге рұқсат ету (намаз оқитын бөлмелерде және рәсімдер жасауға арналған бөлмелерде (неке, шомылдыру рәсімі) және т. б. келушілер арасында кемінде 1,5 метр және дін өкiлдepi мен келушілер арасында кемінде 2,5 метр әлеуметтік қашықтықты сақтау үшін белгілер орналастырылады);

5) ұжымдық құдайға құлшылық етуге тыйым салу (жұма және бес уақыт намаздары, жиналыстар, жексенбі күндері және басқа да ұжымдық сипаттағы рәсімдерге);

6) қасиетті «Рамазан» айы кезінде бip отбасы мүшелері арасында ауызашарды қоспағанда, ұжымдық ауызашар өткізуге тыйым салу;

7) жерлеу рәсімдерін 10 адамнан аспайтын жақын туыстарының қатысуымен өткізу (қайтыс болған адамның туыстарына және ресми дін кызметкерлерінің өкілдеріне мүмкіндігінше ауруханалар (басқа медициналық ұйымдар) жағдайында «мәйітті жууды» және қайтыс болған адамды «сырттай жерлеуді) жургізу, сондай-ақ егде адамдарды жерлеу процесіне қатысуын шектеу ұсынылады);

8) Діни объектілердің басшы рухани саналары діни қызмет етушілерді маскамен және қолғап қорымен қамтамасыз етсін, жамағатпен жеке қауіпсіздік қағидаларын сақтау жөнінде түсіндіру жұмыстарын жүргізсін;

9) Тұрғын үй саясаты басқармасы жүргізетін профилактикалық дезинфекцияға қосымша қала саябақтары мен көшелерде (орындықтар, банкоматтар, паркоматтар, төлем терминалдары) шағын сәулет нысандарын дезинфекциялауды қамтамасыз етсін;

10) 20.03.2021 жылғы №11 қаулыдағы №1 қосымша осы қаулыдағы №1 қосымшадағы езгерістер мен тольқтыруларға сәйкес редакцияда жазылсын.

3 2. Осы қаулының орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

3. Осы қаулы 2021 жылдың 29 наурызынан бастап күшіне енеді. 

Тегтер: