Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Бекшин жаңа қаулыға қол қойды

Алматының бас мемлекеттік санитар дәрігері Жандарбек Бекшиннің жаңа қаулысы жарияланды.

Бекшин жаңа қаулыға қол қойды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Сауда және ойын-сауық орталықтары мен сауда үйлерінің жұмысына дүйсенбі мен сенбі аралығында сағат 10.00-ден 23.00-ге дейін рұқсат етіледі, бірақ жексенбі күндері тыйым салынады.  

Сондай-ақ, қаулыда былай делінген:

  • азық-түлік және азық-түлік емес ашық базарларға жұмыс және демалыс күндері штаттық режимде, ал азық-түлік және азық-түлік емес жабық базарларға, жексенбі күндерін қоспағанда, толымдығы 30 пайыздан аспайтын және бір келушіге кемінде төрт шаршы метр сақталған жағдайда, әлеуметтік қашықтықты, бетперде тағу режимін, күшейтілген санитарлық-дезинфекциялық режимді қатаң сақтай отырып штаттық режимде жұмысына рұқсат етілсін;
  • қоғамдық тамақтандыру объектілерінің (мекемелерде), оның ішінде СОО-да орналасқан объектілердің қызметі 07.00-ден 23.00-ге дейін және шоттар бойынша төлемді 22.00-ге дейін жабу (толтырылуы 50 пайызға дейін, 50-ден артық емес, әр үстелде төрт отыратын орын, әлеуметтік қашықтықты, маска тағу режимін, термометрияны, күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимді сақтау) және ұжымдық іс-шаралар өткізбеу;
  • фудкорт үшін жұмыс істейтін қоғамдық тамақтану объектілерінің қызметіне тек СОО-дан және сауда үйлерінен тыс жерлерге шығуға және уақыт бойынша шектеусіз жеткізуге рұқсат етілсін. Тамақтану алаңы жабылады.

Қаулы бүгін, 1 ақпанда күшіне енді. Жандарбек Бекшиннің бұрынғы қаулысы күшін жойды.

Қазір оқып жатыр

Абай облысындағы дала өртін сөндіруге тікұшақ тартылды

дала өрті

Алдағы күндері Алматының бірнеше шағынауданында жарық болмайды

жарық сөнеді

БҚО-да жаңа оқу жылына дейін 8 мектеп пайдалануға беріледі

мектеп БҚО

Бір «Барни» үшін күйеуімен жанжалдасқан: Жамбылда жас ана көз жұмды

Тұрмыстық зорлық-зомбылық