USD
USD
USD

Бекшин омикрон штамына қатысты: Келетіні анық!

Алматы қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы, қаланың бас мемлекеттік санитария дәрігері Жандарбек Бекшин Алматыда брифинг өткізіп, «омикрон» штамы қашан пайда болады деген сұраққа жауап берді.

Бекшин омикрон штамына қатысты: Келетіні анық!
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Келетіні анық. Қай уақытта екенін білмейміз. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы мақұлдаған деректерді ғана пайдаланамыз. «Омикрон» туралы болжайтын ресми деректер жоқ», – деді Бекшин.

Брифинг барысында Бекшин Алматыда қазірдің өзінде 1,3 миллион тұрғын вакцина салдырғанын, сондай-ақ, 15 682 адам ревакциналаудан өткенін мәлімдеді.

Сондай-ақ Жандарбек Бекшин қаладағы омикрон штамына байланысты зерттеу қалай жүріп жатқанын айтты.

Бекшиннің сөзінше, бүгінде қала бойынша омикрон штамына мониторинг жүргізіп жатыр.

«Мысалы 3 желтоқсанда Нұр-Сұлтанға 53 сынама жібердік. Ондағы мақсатымыз – сол сынамаларда омикрон штамы бар-жоғын анықтау. Нәтижесі екі-үш күнде дайын болуы керек. Сондықтан омикрон біздің елімізде анықталғанын немесе анықталмағанын айту ерте. 3 желтоқсаннан бері зерттеуде тұр», – дейді ол.

Шетелден келгендер бүгінде арнайы қонақүйде карантинде жатыр. Одан бөлек, үй карантинінде жатқандар да бар.

Қазір оқып жатыр

Face ID жүйесіне қарсы шыққандарды полиция алып кеткен: басқарма не дейді?

Face ID

Тоқаевтың кітабы әлеуметтік желілерде қызу талқы тудырды: қазақстандықтар не дейді?

Кітап

Жетісу облысында оқушы қызды экскаватор қағып кетті

Эксковатор дөңгелегі

«Қолында суық қару болды»: Қостанайда футболшыға шабуыл жасалды

Пап-Алиун Ндиайе