Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Бекшин: Митингілер – індет жұқтыру ошағы

Алматының бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин Алматыдағы коронавирус жағдайына қатысты мәлімдеме жасады. О

Бекшин: Митингілер – індет жұқтыру ошағы
Фото: NEGE.kz

ның айтуынша, қалада коронавирус індеті бойынша тіркелген оқиғалар әлі жалғасып жатыр. Тек өткен тәулік ішінде ғана белгісі байқалған 49 оқиға анықталды, ал бір апта ішінде – 334 оқиға. Осылайша, бізде барлығы 2790 оқиға тіркелді, 10 адам қайтыс болды.

Алматы, NEGE. "Қалада эпидемия әлі де жалғасып жатқан кезде адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіру барып тұрған жауапсыздық. Әлемдік тәжірибе көрсетіп отырғандай, көп жиналу, жақын араласу азаматтардың ауруды жаппай жұқтыруына әкеліп соғады. Әлемнің көптеген елдерінде осылай болды.

Өйткені митингілер жұқтыру ошағы болып табылады. Егер, мұндай бұқаралық шаралар ауру жұқтыруға себепші болса, онда митингілерді ұйымдастырушылар заңнамаға сәйкес жауапқа тартылады, тіпті қылмыстық іс қозғалады. Осындай бұқаралық шараларға қатысушылар ауру жұқтыратын болса, онда эпидемиологиялық тексеру аясында шеттетіледі", - дейді бас санитар дәрігер.

Бекшиннің айтуынша, хаттамаға сәйкес, санитарлық-эпидемиологиялық қызметкерлер карантин режимінде жаппай жиындарға қатысқан азаматтарды тіркеп, видеотүсірілім жүргізеді.

"Жаппай жұқтыру қаупінің болуы мүмкін екендігін ескере отырып, тиісті қызметтерден адамдар көп жиналатын орындарға дезинфекция жүргізуді күшейтуді талап етемін. Менің талаптарым мен өтініштерім қаланың әр тұрғынының денсаулығын қорғау мен санитарлық-эпидемиологиялық жағдайларды жақсартуға негізделген. Сондықтан барлық алматылықтардан саналылық пен жауапкершілік танытуды өтінемін. Өйткені, қоғамның денсаулығы әрқайсымыздың жеке қауіпсіздік шараларын мүлтіксіз орындауымыздан құралады", - деді Бекшин.

Айта кетейік, бүгінде Қазақстанда коронавирус жұқтырғандардың саны 12 312-ге жетті.

Қазір оқып жатыр

«Бақытжан Базарбек адамды қағып кетті» деген ақпарат тарады: полиция не дейді?

Базарбек

Қостанай облысында Тобыл өзеніне ер адам мен кәмелетке толмаған қыз батып кетті

.

Электр қуатының өшуі Қазақстанның оңтүстігіндегі энергожүйе үшін сынақ болды

Алматы

17 жыл бойы жасырынып жүрген «Кинг-Конг» 15 жылға сотталды

.