USD
USD
USD

Бекшин: Коронавирусты жұрт театрлар мен кинотеатрларда жұқтыра бастады

Алматылықтар коронавирусты театрлар мен кинотеатрларда жұқтыра бастады. Бұл туралы қалалық Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы, қаланың бас мемлекеттік санитар дәрігері Жандарбек Бекшин онлайн брифинг барысында айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бекшин: Коронавирусты жұрт театрлар мен кинотеатрларда жұқтыра бастады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «КВИ жағдайларын эпидемиологиялық тексеру барысында науқастардың 40% қоғамдық орындарда, 20% - қоғамдық көлікте, сондай-ақ 28% отбасыларында жұқтырғаны анықталды. Бұл азаматтар дер кезінде ауруханаға оқшауланбай, туысқандарын қауіпке тіккен. Соңғы 3 аптада отбасылық іс-шаралар, той жасау, ас, құдайы тамақ беру көбейген. Одан бөлек қаңтарда ауырғандар арасында кинотеатрлар мен театрларда жұқтырғандар тіркеліп жатыр», - деді Ж.Бекшин. Оның айтуынша, ауру жұқтырғандардың ішінде 20-39 жас аралығындағы азаматтардың үлесі – 35%, 40-59 жас аралығында – 27-28%. Алматы қаласының департаменті әлеуметтік қашықтықты, маска-қолғап режимін сақтау, адамдар көп жиналатын жерлерге бармау қажеттігі туралы халықты ескерту бойынша жүйелі жұмыс жүргізіп отыр.

Қазір оқып жатыр

Томан ауылында алғаш рет балабақша ашылады

Өңірлік коммуникациялар қызметі

Қорғаныс министрлігіндегі ауыс-түйіс жалғасып жатыр

Ақтаудағы сарбаз өлімі

Магеррам Маггеррамов: Салық реформасы бюджет тапшылығын жаба алмады

Салық

СІМ қазақстандықтарды елге қайтару үшін Ресеймен келіссөз жүргізіп жатыр

СІМ