USD
USD
USD

Бекшин: Коронавирусқа байланысты қаңтардағы болжам нашар

Жеті күнде коронавирус жұқтырған 700 адам тіркелді. Қаңтар айындағы болжам нашар. Бұл туралы Алматының бас мемлекеттік санитар дәрігері Жандарбек Бекшин айтты.

Бекшин: Коронавирусқа байланысты қаңтардағы болжам нашар
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Бекшин өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифинг барысында 2021 жылғы 7 қаңтардағы жағдай бойынша Алматы қаласындағы КВИ бойынша эпидемиологиялық жағдай қауырт күйде қалып отырғанын хабарлады. Осыған байланысты ол қала тұрғындарын санитарлық нормаларды сақтауға шақырды.

Бас санитар дәрігердің сөзінше, Алматы қаласындағы эпидемиологиялық жағдайды шектеу шараларын бақылауды күшейту матрицасында бағалау бойынша сары аймақта. Алматы қаласында індеттің екінші толқыны қазанда күшейген, үш айда КВИ жағдайларын тіркеу 14 есе өскен. 7 қаңтарда КВИ-дің 700-ден аса жағдайы тіркелген.

Соңғы 14 күнде 20-39 жастағы азаматтар арасында вирус жұқтыру 35 пайызға, 40-59 жас аралығында 33 пайызға жеткен. Бұл шектеу шараларының бұзылуымен және корпоративтік кештерді өткізумен, сауда объектілеріне барумен байланысты.

"Вирус жұқтыруды төмендету үшін әлі де адамдар көп жиналатын орындарға барудан бас тартуды сұраймыз. Сонымен қатар, вирустың таралуын тоқтату үшін ашық ауада маска тағып, арақашықтықты қатаң сақтаңыздар. Коронавирус инфекциясымен ауырған науқастармен және жұмыс орны бойынша байланыста болған адамдар үйде қалып, тегін негізде тексеру үшін телефон арқылы емханаға хабарласуы керек. Алматы қаласының азаматтары мен қонақтарына ЖРВИ белгілері пайда болған кезде дәрігерді үйге шақыртуды, зейнеткерлерге үйден қажет жағдайда ғана шығуды ұсынамыз", - деді Бекшин алматылықтарға. 

Қазір оқып жатыр

«Таңғы 7:00-де жұмысқа келсін»: Қырғыз депутаты Бішкектегі кептелісті азайтудың жолын ұсынды

уақыт

Тоқаев 25-26 қарашада Мәскеуде Путинмен кездеседі

Тоқаев, Путин

Таразда белгісіз жауынгерлерге қойылған ескерткішті бүлдірді деген күдікпен 7-сынып оқушылары ұсталды

Күдіктілер

«Құрылыс және тағы да құрылыс!»: Құрылтай халыққа үндеу жасады

Құрылтай