USD
USD
USD

Бекшин: Блок бекетте бір полиция қызметкері коронавирус жұқтырды

Алматы қаласының бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин алғашқы онлайн баспасөз мәслихатын өткізді. 

Бекшин: Блок бекетте бір полиция қызметкері коронавирус жұқтырды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Алматы қаласында қазірге 693 коронавирустық инфекция тіркелді, 100 мың тұрғынға шаққандағы аурушаңдық көрсеткіші – 33,9. Өлім - 5 жағдай (0,7%). 14 жасқа дейінгі балалардың үлес салмағы – 3,1% (21 жағдай).
Аурушаңдық ересектердің арасында басым, оның ішінде жасы бойынша: 15-19 жас – 43 жағдай (6,3%), 20-29 жас - 212 (31,3%),

30-39 жас – 29 (19,0%), 40-49 жас – 116 (17,1%), 50-59 жас - 115 (17,0%), 60 жас және жоғары – 42 (6,2%).
Контингент бойынша сырқаттанушылық: студенттер – 40 , мектеп оқушылары – 15 , басқа елдерден келгендер – 38 , ҚР ҰҚК Шекара қызметі академиясының курсанттары - 67 , авиация қызметкерлері - 2 , зейнеткерлер - 40, жұмыс істемейтін тұлғалар – 55, жұмыс істейтін тұлғалар – 42, медицина қызметкерлері – 383, оның ішінде ОҚКА –263.
Барлығы 12420 байланыстағы тұлғалар анықталды, оның ішінде 2247 жақын және 10000-нан астам әлеуетті байланыстағы тұлғалар.

Оның айтуынша, блок бекетте бір ІІМ қызметкері коронавирус жұқтырған. 
14 күнге стационарлық карантинге 1388 байланыстағы тұлғалар, үй карантиніне 7500 тұлға оқшауланған. 

Қазір оқып жатыр

Бозымбаев: Маңғыстаудағы қайғылы оқиғаға кінәлі лауазымды тұлғалар қатаң жазаланады

Әскери қызметшілер теңіз суына батып кетті

Маңғыстауда қаза тапқан әскери қызметшілер саны 12-ге жетті

Маңғыстау

25 қыркүйек Қазақстанда жалпыұлттық аза тұту күні болып жарияланды

Траур

Астана тұрғыны АИ-95 бензинін құйғаннан кейін көлігі тартпай қалғанына шағымданды

Жанар-жағармай бекеті