Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Бекшин: Алматыда сынамалардың 78 пайызынан «британдық» штамм анықталды

Санитарлық дәрігерлер коронавирустың «британдық», «даниялық», «бразилиялық» және «оңтүстікафрикалық» штаммдарын анықтау үшін сынамаларды зерттейді.

Бекшин: Алматыда сынамалардың 78 пайызынан «британдық» штамм анықталды
Фото: NEGE.kz

 Алматы, NEGE. Алматының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің мамандары вирус жұқтырған пациенттерден алынған сынамаларды зерттейді. Бұл туралы қаланың бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин мәлімдеді.

Бұған дейінгі зерттеудің қорытындысы бойынша алматылық науқастардан алынған сынамалардың 78%-інен «британдық» штамм табылды. Сондай-ақ коронавирустың «бразилиялық» және «оңтүстікафрикалық» штаммдары анықталды, деді Бекшин.

«Келесі аптадан бастап біз вирустың мутацияланған түрлерін анықтау үшін 1 000 сынаманы зерттеуді жоспарлап отырмыз. Мутацияға ұшырағандардың арасынан «британдық», «даниялық», «бразилиялық» және «оңтүстікафрикалық» штаммдарды анықтаймыз. Коронавирустың жаңа штаммдары адамға тез жұғады. Олардың инкубациялық кезеңі де қысқа», –деді ол.

Алматының бас санитар дәрігері мутациялар, негізінен, жас буынға «бағытталғанын» атап өтті.

«Өздеріңізге белгілі, наурызда симптомды аурулар саны 90%-ке артты, ал қаңтарда олар барлық науқастың 73%-ін құраған еді. Коронавирусты 20-39 жастағы адамдар жиі жұқтырады – 36%. Сондай-ақ бір жасқа дейінгі балалар арасында ауруға шалдығу 2%-ке, 6 жастан асқандар арасында 22,5%-ке өсті. Мектеп оқушылары жиі ауыра бастады – 8%. Үйде онлайн оқып жатқан балалар ауырып жатыр», – деді Бекшин.

Адамдар вирусты, негізінен, үйде және сауда орындарында жұқтырады.

Қазір оқып жатыр

Қазақстанда сауда саласына салынған инвестициялар 637 млрд теңгеден асты

Инвестиция

Temu Венгрияда сатып алушыларға психологиялық қысым көрсеткені үшін айыпталды

Temu

Қазақ тарихы қайта жазылды. Енді оқулықтар өзгере ме?

Сәбитов, Әуеспекова

«Қасқырмен қоректеніп, қабан ұстады»: Үміттің Қазақстандағы алғашқы күндері қалай өтті?

жолбарыс