USD
USD
USD

Бекшин: Алматыда күніне 200-ден астам студент вакцина салдырады

Алматы қаласының бас мемлекеттік санитар дәрігері Жандарбек Бекшин онлайн брифинг барысында мегаполисте студенттерге вакцина салу жалғасып жатқанын айтты.

Бекшин: Алматыда күніне 200-ден астам студент вакцина салдырады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE.  «Көптеген студент белсенді түрде вакцина алуды оқу жылы басталмай тұрып-ақ бастап кетті. Мысалы, маусым айында бірінші компонентін 4 676 адам, шілдеде 7 872 студент, тамызда 4 733 адам салдырды. Күн сайын 200-ден астам студент вакцина алады»,- дейді ол.

Сонымен қатар, ол студенттер вакцина алу арқылы өздерін ғана емес, жақындарын қауіпті аурудан қорғайтындарын жақсы түсінетінін атап өтті.

«Студенттер мен екпе салдыруға тілек білдіруші тұрғындар Алматыдағы 160 екпе орталығының біріне жүгіне алады», - дейді Жандарбек Бекшин. Спикер жақын арада Алматы емханаларында тұмауға қарсы вакциналау басталатынын айтты. Қазіргі уақытта ресейлік «Гриппол+» вакцинасының 180 мың дозасын сатып алуға өтінім берілді.

Қазір оқып жатыр

Маңғыстауда қаза тапқан сарбаздардың отбасыларына жиналған қаржы таратылды

Маңғыстау

ExxonMobil Қашағандағы 2,3 трлн теңгелік айыппұл дауын реттеу келісімін қолдамады

Қашаған

Астанада мүгедектігі бар адамдарға 86 мың теңгеге дейін біржолғы көмек беріледі

әлеуметтік төлем

«Твардовский дом» панажайының иесі қаза тапты

Владимир Тепляков