USD
USD
USD

Бекшин Алматыда қашан локдаун жарияланатынын айтты

Алматының бас мемлекеттік санитар дәрігері Жандарбек Бекшин қандай жағдайда қала толығымен карантинге жабылатынын айтты.

Бекшин Алматыда қашан локдаун жарияланатынын айтты
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Жандарбек Бекшин онлайн-брифингте қолданыстағы карантин шараларын айта келе, демалыс күндері қоғамдық көліктің, базарлар мен қоғамдық тамақтану нысандарының жұмысы шектелгенін ескертті.

«Біз, Қазақстанның бас санитар дәрігерлері белгілеген өлшемдерге сәйкес жұмыс істейміз. Оларды қолданамыз, күшейте аламыз, бірақ бұл шараларды жеңілдетуге болмайды. Статистика бойынша тиімділік бар. Шектеу шараларын жалғастыру қажет», – деді Жандарбек Бекшин.

Ж,Бекшин

Сондай-ақ, ол Алматы қандай жағдайда карантинге жабылып, локдаун жариялауы мүмкін екенін айтты.

«Бүгінде бізде 3400 төсек-орын бар, олардың жүктемесі 40 пайыздан аспайды. Сонымен қатар, 7 мың резерв төсек бар, бірақ резервтер де таусылуы мүмкін. Ауруханаға тәулігіне 500 адам жатқызылса, онда бір инкубациялық кезеңде барлық төсек-орын бос болмайды деген сөз. Бұған жол беруге болмайды.

Күніне 300 науқас жатқызылса да, қала локдаунға жабылады. Шараларды уақтылы қабылдамасақ, онда, әрине, барлығын толығымен жауып, тоқтатуға тура келеді. Біздің міндетіміз – бұған жол бермеу. Әлі кеш емес», – деді ол.

Қазір оқып жатыр

Маңғыстаудағы әскерилер қазасынан кейін Қорғаныс министрлігінде 13 қылмыстық іс қозғалды

Қасым-Жомарт Тоқаев

Атырауда лифт құлап, үш адам ауруханаға жеткізілді

Құлаған лифт орны

ІІМ төрт адам қаза тапқан жол апатына бұрынғы полиция қызметкерінің қатысы бар деген ақпаратқа түсініктеме берді

Сая Әуелбекова

Семейде студенттің шотына 25 адамнан 16 млн теңгеден астам қаражат түскен

күдікті студенттер