Бекболат Тілеухан не үшін қарғайтынын түсіндірді
Мәжіліс депутаты Бекболат Тілеухан Абай Сейфолланың Qasqa Jol ютуб-каналында қонақта болып, журналист Серік Боқанды не үшін қарғағанын айтты.
Алматы, NEGE. «Күйдіретіндей нәрсе жасады. Ақша алғысы келіп, шантаж жасап күн көріп жүрген біраз азаматтар бар. Басында алатынын алады. Сауап үшін деп, иманы бар, маңдайы шәждеге тиіп жүрген адам ғой деп ойлап жүресің ғой. Ол сенің мейрімділігіңді әлсіздікке балап жатады. Сол кезде жанымда екі-үш адам отырған, бір жағынан қасымдағыларды күлдірейін деп айтқанмын. «Ай тізімде талай адам бар, солардың ішінде кеттің ғой», – дедім. Оны іліп әкетіп жатыр ғой. Әкете берсін» – дейді депутат.
Сондай-ақ мүфтияттың «қарғыс айту мұсылмандыққа жат» деген пәтуасына қарсы өз пікірін білдірді.
«Жамбыл мен Құлмамбет айтысындағы «Әй, Құлмамбет, Құлмамбет, ағып жатқан сумен кет, батып жатқан күнмен кет» дегені қарғыс емей немене?! Ал «Қыз Жібекте» Базарбай Төлегенге теріс бата береді. Мысалдар көп-ақ. «Бәленбай руда Молқы дегенге Тоқа осылай істепті. Ойықтың ішінде осындай бопты» деген сияқтылардан шежіреде аяқ алып жүре алмайсың. «Керемет жүйрік торысы болған екен. Оның аяғын інге тығып алғанда баласына осылай депті. Сөйтіп одан бір ұлдан артық тумай қояды екен» деген нәрселер көп-ақ қой. Әрине, оны ақтап отырған жоқпын. Қарғаған деген қайбір оңған нәрсе дейсің. Алайда тура осыны аңдып отырғандай әртүрлі қылып жазып, «менің арқамда» қаламақысын алып жатқандар бар ғой», – деген Бекболат Тілеухан.
«Қарғау бұрын соңды болмаған, Бекболатқа дейін болмапты дегендер халықтың жанын түршіктіру үшін істеп жатыр. Бір-ақ фактіні айттым ғой, қарғыстың көкесі Жамбылдан қалған», – дейді депутат.
Қазір оқып жатыр
Астаналықтар аурухана жанындағы құрылысқа қарсы петиция жариялады
Тоқаев пен Ердоған Мәңгілік достық туралы декларацияға қол қойды
Алматының Наурызбай ауданында ауаның ластануы мөлшерден бірнеше есе асып кеткен
Атырау облысының әкімдігі Индер көлін ерекше қорғалатын аумақтар тізімінен қалай шығартты