USD
USD
USD

Бекболат Молдабеков ұлттық экономика вице-министрі болып тағайындалды

Үкімет қаулысымен Бекболат Молдабеков ұлттық экономика вице-министрі қызметіне тағайындалды. 

Бекболат Молдабеков
Фото: primeminister.kz

Астана, NEGE. Бұл жөнінде Үкіметтің баспасөз қызметі хабарлады.

Бекболат Молдабеков 1991 жылы Жамбыл облысы Тараз қаласында дүниеге келген. Т.Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетін, М.Нәрікбаев атындағы КАЗГЮУ университетін бітірген.

Еңбек жолын «Элит Құрылыс Строй» ЖШС-да инженер-бағдарламашы болып бастаған.

Әр жылдары Инвестициялар және даму министрлігінде, Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде түрлі қызметтер атқарған.

Сондай-ақ Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Мемлекеттік қызметтер комитеті төрағасының орынбасары болған.

2022 жылдың қараша айынан бері әділет вице-министрі қызметін атқарып келді.

Қазір оқып жатыр

Face ID жүйесіне қарсы шыққандарды полиция алып кеткен: басқарма не дейді?

Face ID

Тоқаевтың кітабы әлеуметтік желілерде қызу талқы тудырды: қазақстандықтар не дейді?

Кітап

Жетісу облысында оқушы қызды экскаватор қағып кетті

Эксковатор дөңгелегі

«Қолында суық қару болды»: Қостанайда футболшыға шабуыл жасалды

Пап-Алиун Ндиайе