USD
USD
USD

Бек Құндақбаев өмірден өтті

Қоғам қайраткері Бек Құндақбаев өмірден өтті.

Бек Құндақбаев өмірден өтті
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Бек Құндақбаев орман шаруашылығының дамуына және Жетісу табиғатының сақталуына үлкен үлес қосты. Оның Талды-Қорған облысының экономикасы мен экологиясын дамытудағы еңбегі зор.

Бек Құндақбаев 1956 жылы Қазақ мемлекеттік ауыл шаруашылығы институтын "Орман шаруашылығы инженері" мамандығы бойынша тәмамдаған. Еңбек жолын орманшы болып бастаған, бірақ төрт жылдан кейін университет бітіргеннен кейін алдымен Кеген, содан кейін Алматы облысындағы Нарынқол орман шаруашылығының директоры болған. Кейіннен он жылға жуық, 1968-1977 жылдар аралығында Қазақ КСР Талды-Қорған облыстық орман шаруашылығы және орман қорғау басқармасының бастығы болды.

1979 жылы партияда карьерасы басталды. Алдымен ол Талдықорған облысы Бөрлі аудандық партия комитетінің бірінші хатшысы болып жіберілді. 1980-1988 жылдары Қазақстан Компартиясы ОК мүшесі болды. Еңбек жолын Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Бақылау палатасында аяқтады. 1996 жылдан бері – Қазақстан Республикасына сіңірген ерекше еңбегі үшін зейнетке шыққан.

Қазір оқып жатыр

«Таныс болыңыздар – Барбарис»: Бағдат Мусин Арсен Томскийге ерекше сый жасады

Арсен Томский

Қазақстанда биыл рекордты 825 мың тонна авиациялық отын өндірілмек

авиаотын өндірісі

Көмір өндірісін жаңғырту: Qarmet шахталарында қандай өзгерістер бар?

Көмір департаменті, Qarmet

Каспийдегі қайғылы жағдай: Қорғаныс министрлігі екі матросқа қатысты мәлімдеме жасады

Әскери қызметшілер теңіз суына батып кетті