USD
USD
USD

«Бек Эйр» жолаушылары үшін ақпарат

Азаматтық авиация комитеті «Бек Эйр» жолаушылары үшін ақпарат таратты. «Эйр Астана» 27-29 желтоқсан күндері елордадан Алматыға және кері бағытта 5 қосымша рейс шығарады.

«Бек Эйр» жолаушылары үшін ақпарат
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Бұл жайында ақпарат Азаматтық авиация комитетінің Facebook-тегі парақшасында жарияланды. 

 «7 қаңтарға дейінгі рейстері тоқтатылған «Бек Эйр» жолаушылары үшін «Эйр Астана» әуе компаниясы орын болған жағдайда билетті «Бек Эйр» ұшағына алынған билет құнынан қымбат емес бағаға ұсынады. «Эйр Астана» 27-желтоқсан мен 29 желтоқсан аралығында Нұр-Сұлтаннан Алматыға және кері бағытта 5 қосымша рейс ашты. Әуе компаниясы «Бек Эйр» жолаушыларына діттеген жерлеріне жетуге көмектесу үшін қосымша рейтер ашу жұмыстарын жалғастыруда», - делінген комитет баспасөзінің хабарламасында.

Комитеттің мәліметінше, SCAT әуе компаниясы «Бек Эйр» компаниясының жолаушыларына көмек көрсетуді 2020 жылдың 31 қаңтарына дейін созған.

«Тасымалдау бос орындар болған жағдайда жүзеге асады. Ол үшін «Бек Эйр» компаниясының өкілдеріне хабарласу қажет. Бұдан бөлек, SCAT әуе компаниясы «Бек Эйр» компаниясының өңірлердегі экипаждарын тұрғылықты жеріне жеткізу бойынша да көмек көрсетті. Qazaq air әуе компаниясы да бос орын болған жағдайда 2019 жылдың 31 желтоқсанына дейін «Бек Эйр» компаниясының ұшақтарына билет алған жолаушыларды тасымалдау бойынша көмек көрсетеді», - деп хабарлайды комитеттің баспасөз қызметі.

Колл-орталықтарының телефондары:

- «Қазақстанның авиациялық әкімшілігі» АҚ +77172613187;

- «Эйр Астана» әуе компаниясы +77172584477, +77272444477, +77027024477;

- «SCAT» әуе компаниясы +77252998880 (вн. 277, 278);

- «Qazaq Air» әуе компаниясы +77273561414;

- «Bek Air» әуе компаниясы +77273545000, +77017334576.

Колл-орталықтар жұмыс, демалыс және мейрам күндері де тәулік бойы істейді.

Қазір оқып жатыр

Атыраулық «хакер» Түркияда ұсталды

.

Digital Qazaqstan Battle ұлттық стартап-батлының финалистері анықталды

.

Елордада жедел жәрдем фельдшеріне шабуыл жасаған ер адам ұсталды

Жедел жәрдем

Жол инфрақұрылымының жаңғыруы: жаңа көлік дәліздері және өңірлердің дамуы

.