Bek Air компаниясының қанша ұшағында сертификат бар?
Bek Air әуе компаниясы басшылығы ұшақ апаты болғаннан кейін үшінші күні журналистерге баспасөз мәслихатын өткізді.
Алматы, NEGE. Bek Air әуе компаниясының техникалық жағына жауап беретін маман Семен Аушевтің айтуынша, компанияның 10 ұшағы бар. «Қазір 9 ұшақтың бәрі Алматыда. Компания осы 10 ұшақты да 2019 жылдың қазан-қараша айында арнайы сертификаттаудан өткізді. Бұл сертификат 2021 жылдың қарашасына дейін жарамды», – деді Семен Аушев.

Оның пікірінше, UP-F 1007 ұшағы зауыттан 1996 жылы 8 сәуірде 41496 сериясы бойынша шыққан. Бұл ұшақтар бізге үшінші мемлекеттен келген жоқ. «Bek Air әуе компаниясына ұшақты пайдалануға немістің Contact Air компаниясы ұсынған. Ал Bek Air әуе компаниясы ұшақтарды тіркеу сертификатын алғаннан кейін, ҚР Заңына және Халықаралық Азаматтық авиация талабына сәйкес, 2013 жылдың 3 шілдесінен пайдалана бастады. UP-F 1007 әуе кемесін Халықаралық Азаматтық авиациясы тексеріп, 2019 жылдың мамырында 1 жылға сертификат берген. Bek Air әуе компаниясының Fokker 100 ұшағына техникалық жағын қарайтын арнайы жеке базасы бар. Онда инженерлер техқызмет көрсете алады», – деді Bek Air әуе компаниясының техникалық жағына жауап беретін маман Семен Аушев.