USD
USD
USD

Bek Air-дің шатпағы белгілі болды

Қазақстанның авиациялық әкімшілігі (ҚАӘ) Bek Air компаниясының қандай заңбұзушылықтар жасағанын мәлімдеді. Әкімшілік компанияның ұшу жарамдылығы сертификатын уақытша тоқтатып тастады.

Bek Air-дің шатпағы белгілі болды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Соңғы үш жылда әуе компаниясына қатысты екі төтенше жағдай болған. Қауіпсіздік шараларына жеткілікті көңіл бөлмеген компания жолаушы тасымалдап жүргенін ұмытып кетсе керек. Мұқият тексеру жүргізген әкімшілік компания ұшақтарынан бірнеше кемшілік тапқан. Ең сорақысы сол, техникалық журналда көрсетілген дерек нақты жағдаймен сәйкес келмейді. Тексеруде белгілі болғандай, компания бір ұшақтың компонентін екінші ұшаққа ауыстырып сала берген. Бұдан бөлек, ұшақтың қосалқы бөлшектерін алуға қаржылары жетпеген.

ҚАӘ есебінде компанияға қатысты көптеген кемшіліктер көрсетілген. Bek Air-ді тексеру әлі жүріп жатыр. Тексеру аяқталған соң 10 күн ішінде кемшіліктер толық жойылмаса, сертификат кері қайтарылады.     

Қазір оқып жатыр

Тоқаев Украинадағы қақтығысты уақытша тоқтатуды ұсынды

.

Тоқаев әкесіне арналған ескерткіш тақтаға гүл шоғын қойды

.

Бекет ата жерасты мешіті бастаған бес киелі орын ЮНЕСКО тізіміне енді

.

Қазақстандықтар БАӘ-де жүргізуші куәлігін емтихансыз айырбастай алады

жолдағы жылдамдық