USD
USD
USD

 Bek Air ұшақ апаты: 300 адамнан жауап алынды

Bek Air ұшағының апатқа ұшырауына байланысты 300 адамнан жауап алынды. Бұл туралы Бас прокурордың орынбасары Марат Ахметжанов айтты.   

 Bek Air ұшақ апаты: 300 адамнан жауап алынды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Дерек бойынша қылмыстық іс бар, соған байланысты жан-жақты тергеу шаралары жүргізіледі. Соның нәтижесінде бүкіл мән-жай анықталады. 300 адамнан жауап алынды», – деді Ахметжанов Мәжіліс кулуарында.  2019 жылы 27 желтоқсанда таңғы уақытта Bek Air ұшағы апатқа ұшырады.

Лайнер Алматы әуежайына жақын жерде апатқа ұшырады. Бортта 93 жолаушы және бес экипаж мүшесі болған. Апат салдарынан 12 адам қаза тапты. Осыған дейін премьер-министрдің орынбасары Роман Скляр Алматы маңындағы әуе апатының негізгі нұсқасы әуе кемесіне мұз қатуы себеп болғанын айтқан еді. 

Қазір оқып жатыр

Brent маркалы мұнай бағасының баррелі 101 долларға дейін төмендеді

мұнай

Астанада апалы-сіңлілі екі әйел күйеулерімен бірге «секс-притон» ұйымдастырды деген күдікке ілінді

Күдіктінің үйін тінту сәті

Тоқаевтың президент болғанына жеті жыл: негізгі экономикалық көрсеткіштер қалай өзгерді?

Қасым-Жомарт Тоқаев

«Мың доллардың футболкасын кім алады?»: Миллионер Арсен Томский Esentai Mall-дағы бағаға таңғалды

Арсен Томский