USD
USD
USD

Bek Air: ұшақтың апатқа ұшырауының негізгі нұсқасы қайсы?

Премьер-министрдің орынбасары Роман Скляр Bek Air ұшағының апатқа ұшырауының негізгі нұсқасын атады.

Bek Air: ұшақтың апатқа ұшырауының негізгі нұсқасы қайсы?
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Оның айтуынша, ұшақ апатына әуе кемесін мұз қатуы себеп болған. Сондай-ақ, ол Bek Air ұшағының қанаттары ажыратуға қарсы сұйықтықпен өңделмегенін айтты.  Айта кетейік, Нұр-Сұлтандағы баспасөз-конференциясына премьер-министрдің орынбасары Роман Скляр, Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Берік Қамалиев, Мемлекетаралық авиациялық комитеттің бас директоры Виктор Сороченко қатысып жатыр. Мұның алдында ішкі істер министрі Ерлан Тұрғынбаев Bek Air әуе апатының үш нұсқасын атаған болатын. 

«Қазіргі уақытта ІІМ Алматыда болған әуе апатына қатысты тергеу жұмыстарын жүргізіп жатыр. Апаттың үш себебі қарастырылып жатыр. Біріншісі – экипаж қатесі, екінші – борттың техникалық ақауы, үшінші – навигация қызметінің жұмысы», – деген еді ІІМ басшысы.

Қазір оқып жатыр

Президент: Қазақстан Еуразиядағы жетекші ғылыми-технологиялық орталыққа айналуы керек

.

Небәрі 29 жоба және 11 қылмыстық іс: Тоқаев Ғылым қорын сынға алды

Тоқаев

Астанада Тасмағамбетов кезінде басталған көшенің «жыры» әлі бітпеген

Бейсекова көшесі

Шымкентте жоғарғы сынып оқушысы өзінен кіші баланы тепкілеп кеткен

Жас баланы ұрды