Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Bek Air компаниясы тұтынушыларға билет құнын қайтаруы тиіс

 Алматы қаласының Түрксіб аудандық соты ҚР Азаматтық авиация комитетінің топтық шағымын қанағаттандыру үшін Bek Air әуе компаниясына билет ақшасын қайтару туралы шешім шығарды. 

Bek Air компаниясы тұтынушыларға билет құнын қайтаруы тиіс
Фото: NEGE.kz

 Алматы, NEGE. Комитет әуе компаниясынан 50 миллион теңгеден астам соманы қайтаруды талап еткен қазақстандықтардың мүддесін қорғады. «Сот ҚР Сауда және интеграция министрлігі тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің шағымын қанағаттандыру туралы шешім қабылдады. Bek Air АҚ бұрын сатып алынған билеттердің құнын өтеуге міндетті. Bek Air компаниясынан әуе билеттері үшін төленген сома тұтынушылардың пайдасына өндіріп алынсын», – деді судья Әлия Менлібаева.

Бұған дейін сот тұтынушылардың билет құнын қайтару үшін Bek Air мүлкіне тыйым салған болатын. Айта кету керек, 2019 жылы 27 желтоқсанда Bek Air әуе компаниясының 2100 Алматы – Нұр-Сұлтан рейсі әуеге көтеріліп бара жатқанда биіктікті жоғалтып, бетон қоршауға, одан кейін тұрғын үйге соғылған. Апаттан 12 адам қаза болды. 29 адам жарақат алды. 51 адам қалалық ауруханаларға жеткізілді. Екі адам емханаға келген кезде қайтыс болды.

Қазір оқып жатыр

Шабуылдардан кейін Қазақстан мұнайы КҚК терминалы арқылы қайта жөнелтіле бастады

Қазақстан мұнайы

Ең төменгі жалақы, алимент, экология: жеті партия сайлаушылармен нені талқылап жатыр?

сайлауалды науқан

Мемлекет басшысы Астанада жасанды интеллект бойынша IOAI-2026 халықаралық олимпиадасын ашты

IOAI

«Ауылдағы интернет пен қазақстандықтарға арналған ЖИ»: «Әділет» партиясы неге өзін «цифрлы партия» деп көрсетеді

сұхбаттан үзінді