USD
USD
USD

Bek Air әуе компаниясының сертификаты тоқтатылды

Қазақстанның авиациялық әкімшілігі Bek Air авиакомпаниясының пайдаланушы және ұшу жарамдылығы сертификаттарының қолданылуын тоқтатты, деп хабарлайды Азаматтық авиация комитетінің баспасөз қызметі.

Bek Air әуе компаниясының  сертификаты тоқтатылды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Әуе апатына ұшыраған әуе кемесінің ұшу жарамдылығы куәлігі 2019 жылдың мамырында берілген. Fokker-100 борты 1996 жылдың сәуір айында шығарылған. Қазақстандық регистрда 2016 жылғы 26 тамызда тіркелді (куәлік нөмірі 940). Bek Air әуекомпаниясында барлығы 10 ұшақ тіркелген. Қазіргі уақытта Қазақстанның авиациялық әкімшілігі Bek Air әуе компаниясының пайдаланушы және ұшу жарамдылығы сертификаттарының қолданылуын тоқтатты.

Bek Air компаниясының пайдаланушы сертификаты ұшу қауіпсіздігі бойынша барлық мәселелер толық шешілгенге дейінгі мерзімге тоқтатылды. Еске сала кетсек, 27 желтоқсанда Алматыдан Нұр-Сұлтанға бағыт алған Bek Air әуе компаниясының ұшағы апатқа ұшыраған болатын. Осы оқиғаға байланысты ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2019 жылдың 28 желтоқсанын жалпыұлттық аза тұту күні деп жариялады.

 

Қазір оқып жатыр

Пайда мен қарыз бірге өсуде. Ағайынды Тастекейлер биыл НЕГЕ қарқын алып келеді?

TAS

Қазақстанда туу көрсеткіші төмендеп барады: анти-рейтингті Қызылорда облысы мен ШҚО бастап тұр

нәресте

Kyzdar.net ісі бойынша күдікке ілінген әйел Грузиядан экстрадицияланды

Күдікті

729 казақстандық мемлекеттен алатын жәрдемақыдан өз еркімен бас тартты

көмек