USD
USD
USD

«Bek Air» ұшағының апатқа ұшырауына қатысты тергеу аяқталды

Көліктегі полиция департаменті процесс прокурормен келісе отырып, Алматы әуежайында 2019 жылдың 27 желтоқсанында болған «Fokker-100» «Bek Air» ұшағының апатқа ұшырауы фактісі туралы қылмыстық іс бойынша тергеу әрекеттерінің аяқталғанын хабарлады.

Bek Air
Фото: Бас прокуратура

Алматы, NEGE. 4 мыңнан астам тергеу әрекеті (2000 тексеру, 1350 жауап алу, 250 алу), 150 сот-медициналық сараптама және арнайы зерттеулер жүргізілді.

«Халықаралық ынтымақтастық шеңберінде прокуратура Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің көмегімен Бельгия, Германия, Люксембург, Нидерланды және т.б. шет мемлекеттерден халықаралық құқықтық көмек көрсету туралы өтініштерге іс үшін маңызы бар қажетті құқықтық-техникалық ақпарат алынды. Қазіргі уақытта процеске қатысушылар сотқа дейінгі тергеп-тексеру материалдарымен танысып жатыр», - делінген Бас прокуратураның хабарламасында. 

Қазір оқып жатыр

Өзбекстан Футболдан әлем чемпионатына орай коллекциялық монеталар шығарады

Өзбекстан

Астананың Триатлон саябағында көгалды өртеді деген күдікпен төрт жасөспірім ұсталды

Триатлон саябағы

Қазанда Қосшыда NVIDIA B300 базасындағы жаңа суперкомпьютер іске қосылады

Тоқаев, Жақыпов

Білім гранттарына құжат қабылдау мерзімі жарияланды

грант