USD
USD
USD

Бейжіңдегі Олимпиадада допингке қарсы жаңа әдіс қолданылады

«

Бейжіңдегі Олимпиадада допингке қарсы жаңа әдіс қолданылады
Фото: NEGE.kz

Құрғақ қан» талдауына негізделген спортшыларды допингке тексерудың жаңа әдісі алғаш рет ресми және толық көлемде Бейжіңдегі Қысқы Олимпиада ойындарында қолданылады.

Алматы. NEGE. Бұл туралы сәрсенбі күні Дүниежүзілік антидопинг агенттігінің (WADA) басшысы Витольд Банька баспасөз мәслихатында мәлім етті, деп хабарлады ҚазАқпараттың Қытайдағы меншікті тілшісі.

Оның айтуынша, Бейжіңдегі Қысқы олимпиада ойындарында құрғақ қан дақтарына тестілеудің жаңа әдісін енгізу допингке қарсы қозғалыстың дамуындағы маңызды оқиға. Ол дәстүрлі сынама алу әдісіне қарағанда бірқатар артықшылықтарға ие. WADA өкілдері «құрғақ қан» әдісі биоматериалды жинау және тасымалдау процедурасын жеңілдетеді. Cонымен қатар спортшылардың денесіне әдеттегі сынама алу әдістеріне қарағанда азырақ араласады деп санайды.

Тәжірибе ретінде Токиодағы Жазғы олимпиада кезінде «құрғақ қан» алу әдісі қолданылды. Құрғақ қан дақтарына арналған тестілеу әдісін Дүниежүзілік антидопинг агенттігі Халықаралық Олимпиада комитетімен (ХОК) және АҚШ, ҚХР, Жапония, Швейцария және Аустралияның Ұлттық допингке қарсы ұйымдарымен бірлесіп әзірледі. Бейжіңдегі XXIV қысқы Олимпиада ойындары 4-20 ақпан аралығында өтеді.

Қазір оқып жатыр

Қазақстандықтардың 47,7%-ы спортпен айналысады: дене белсенділігінің күнделікті нормасы қандай?

Ат спорты

1 қыркүйектен бастап Алматыда көліктерді тексерудің жаңа түрі енгізіледі

техникалық тексеру

Қазақстанға 1,1 трлн теңге қайтарылды: заңсыз активтер қайда жұмсалып жатыр?

Құрылыс компаниялары

Ақмола облысында мемлекеттік қызметкер құмар ойынға 6 млн теңгедей қаржы салған

құмар ойын, онлайн казино