Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Бейжіңде Олимпиада қалашығы ресми түрде ашылды

Бейжің қаласында өтетін Қысқы олимпиада ойындарының қатысушылары үшін Бейжіңде екі және Чжанцзякоуда бір олимпиада қалашығы ашылды.

Бейжіңде Олимпиада қалашығы ресми түрде ашылды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Бейжідегі Чаоян және Яньцин аудандарындағы кенттерде 3500-ге жуық төсек орын қарастырылған, ал Қытай астанасынан солтүстік-батысқа қарай шамамен 160 шақырым жерде орналасқан Чжанцзякоудағы қалашық 4-20 ақпан аралығында өтетін ойындарға қатысатын командалардың шамамен 2800-ге жуық спортшы мен ресми тұлғаны қабылдайды.

Чаоян кентінде негізінен конькимен сырғанау жарыстарына қатысушылар тұратын болса, Яньциндегі қалашықта тау шаңғышыларын қарсы алады.

Чжанцзякоу аймағындағы ауылда шаңғышылар, сноубордшылар және трамплиннен секірушілер тұратын болады. Жапонияның шайбалы хоккейден әйелдер құрамасының олимпиадалық қалашыққа бейсенбі күні түстен кейін келетіні күтілуде.

Спортшылар 3 ақпан күні Укесонг спорт орталығында өтетін алғашқы ойынында Швеция командасымен кездеседі.

Қазір оқып жатыр

Танымал қазақстандықтар Құрылтай сайлауының қарсаңында «Әділет» партиясына қолдау танытты

«Әділет» партиясының баспасөз қызметі

Сот Ұлдана Мырзуанның бұрынғы күйеуін жәбірленуші мәртебесінде қалдырды

Әділет Зейнел

Журналист Гүлнар Бажкеноваға үкім шықты

Гүлнар Бажкенова

Марқұм Ұлдана Мырзуанның бұрынғы күйеуі жәбірленуші мәртебесінен бас тартпақ

Әділет Зейнел