USD
USD
USD

Бейжіңде құмды дауыл соқты

  Қытай астанасында құмды дауыл соғып, тұрғындарды әбігерге салды.

Бейжіңде құмды дауыл соқты
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Табиғаттың тосын мінез танытуынан Бейжіңді шаң-тозаң басып, көру мүмкіндігі шектелді. Адамдардың тыныс алуы қиындады. Бейжің қоршаған ортаны бақылау орталығының мәліметіне қарағанда, құмды дауылдан ауаның ластануы қалыпты жағдайдан 6 есе артып кеткен. 21 млн тұрғыны бар шаһарда құмды дауылдың соғуы наурыз-сәуір айында жиілейді. Бұған шаһардың Гоби шөліне жақын орналасуы мен солтүстіктегі ормандарды отау себеп, - дейді мамандар.

Қазір оқып жатыр

Жанабылов пен жұбайы татуласты: сот істі тоқтатты

Ерболат Жанабылов

Қырғызстанда арнайы куәлігі жоқ блогерлерге діни уағыз айтуға тыйым салынды

Блогер

Астанадағы фельдшер Ұлдана Мырзуанның қазасына қатысты іс прокурорға қайтарылды

 Меруерт Абаева

Қыркүйекте Қазақстанда жылдық инфляция 9,3%-ға дейін төмендеді

Тиындар