USD
USD
USD

Бейжіңде кәдесыйлар таусылып қалған

Бейжің Олимпиадасының нышандары белгілеген кәдесыйлар дүкендерде таусылып қалған, деп хабарлайды chinadaily.com.

Бейжіңде кәдесыйлар таусылып қалған
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Осыған орай 8 ақпанда Шығыс Қытайдың Цзянсу провинциясындағы Цидун қаласындағы лицензиясы бар зауытта жұмысшылар Bing Dwen Dwen тауарларын өндіруді жеделдетті» делінген хабарламада.

Бейжіңдегі 2022 жылғы қысқы Олимпиада ойындарының бойтұмары Бинг Двен Двен миллиондаған жанкүйерлердің жүрегін жаулап, үлкен сұранысқа ие болған.

Әрине, Бейжің Олимпиадасына барған әрбір азамат өзіне Олимпиада белгісі бар естелік бұйым сатып алатыны анық.

Бүгінгі таңда кәдесый алуға жергілікті тұрғындар да жаппай кірісіп кеткен. Сол себепті дүкендердің алдында ұзын-сонар кезектер пайда болған.

Бейжіңдегі Қысқы Олимпиада ойындарының ұйымдастырушылары сейсенбіде Bing Dwen Dwen қуыршағының қытайлық жаңа жылдық арнайы нұсқасы жақын арада нарыққа шығады және лицензияланған тауарлардың сатылымы кем дегенде маусым айының соңына дейін жалғасады деп мәлімдеді.

Қазір оқып жатыр

Томан ауылында алғаш рет балабақша ашылады

Өңірлік коммуникациялар қызметі

Қорғаныс министрлігіндегі ауыс-түйіс жалғасып жатыр

Ақтаудағы сарбаз өлімі

Магеррам Маггеррамов: Салық реформасы бюджет тапшылығын жаба алмады

Салық

СІМ қазақстандықтарды елге қайтару үшін Ресеймен келіссөз жүргізіп жатыр

СІМ