USD
USD
USD

Бейжіңде Ахмет Байтұрсынұлы мен Роза Бағлановаға арналған шығармашылық кеш өтті

  А.Байтұрсынұлының 150 жылдығы және Р.Бағланованың 100 жылдығын мерекелеу аясында Қазақстанның Қытайдағы Елшілігінде салтанатты іс-шара өтті.

Бейжіңде Ахмет Байтұрсынұлы мен Роза Бағлановаға арналған шығармашылық кеш өтті
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі хабарлайды. Баспасөз қызметінің мәліметтеріне қарағанда, іс-шара аясында қазақ диаспорасының өкілдері мен қазақстандық жас ұрпақ үшін ұлы қазақстандық қайраткерлердің өмірі мен шығармашылығына арналған дәріс ұйымдастырылып, қазақ жазуының дамуына елеулі үлес қосқан А.Байтұрсынұлы туралы деректі фильм көрсетілді.

Шығармашылық кеш аясында шеңберінде А.Байтұрсынұлы және Р.Бағланованың мерейтойлық күндеріне арналған пошталық хатқалталардың тұсаукесері өткізілді. Аталған хатқалталарды Елшілік қытайлық «Beijing Diplomatic Gift Co. Ltd.» компаниясымен бірлесіп басып шығарды. «А.Байтұрсынұлының танымал шығармаларын насихаттап, ән шырқырап, би билеген қазақстандық және қытай жастары мерекелік іс-шараға ерекше көңіл күй сыйлады»,-делінген хабарламада.

Қазір оқып жатыр

Тимур Турлов FIDE президентінің орынбасары лауазымына кандидатурасын ұсынбақ

Тимур Турлов

ШҚО тұрғындарын өзен суының түсі алаңдатып отыр

өзен

Hyundai, Kia және Geely сатылымы құлдырады: қытайлық көліктерге сұраныс артты

Changan

Алматы әкімдігі «Family Park-тің орнына тұрғын үй кешені салынады» деген сыбысқа жауап берді

Family Park