USD
USD
USD

Бейжің Олимпиадасының 8 ақпан күнгі жарыс кестесі

Бейжіңде өтіп жатқан олимпиада ойындарының 8 ақпан күнгі кестесі жарияланды.

Бейжің Олимпиадасының 8 ақпан күнгі жарыс кестесі
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Бейжіңдегі Олимпиада ойындарының төртінші күнінде қазақстандықтар үш спорт түрінен жарыс жолына шығады, деп хабарлайды Prosports.kz.  Шаңғышылар еркін стильдегі жекелей спринтке қатысады. Евгений Величко мен Виталий Пухкало өнер көрсетеді, ал әйелдер арасында Надежда Степашкина, Ксения Шалыгина, Ангелина Шурыга, Ирина Быкова сынға түседі. 

Ал екі биатлоншымыз Александр Мухин мен Владислав Киреев жекелей жарысқа қатысады.  Конькимен жүгіруде Дмитрий Морозов 1500 метр қашықтықта ел намысын қорғайды.  Сонымен қатар шайбалы хоккейден әйелдер арасындағы турнир жалғасады. Керлингтегі аралас жұп жарысында жүлделер сарапқа салынады. Әйелдер арасындағы шана жарысы, ерлер арасында мәнерлеп сырғанау, сноуборд жарыстары өтеді. 

 8 ақпандағы жарыс кестесі 

Шаңғы жарысы 14:00 Жекелей спринт. Іріктеу. Әйелдер/Ерлер. Еркін жүріс. 16:30 Жекелей спринт. Финал. Әйелдер/Ерлер. Еркін жүріс. Биатлон 14:30 Жекелей жарыс, 20 км. Ерлер.  Конькимен жүгіру спорты 16:30. 1500 м. Ерлер. Нұр-Сұлтан уақытымен

Қазір оқып жатыр

«Ауылда» да төраға ауысты: Егізбаев орнын босатты

.

Оңтүстікте жұмыс уақытында құмар ойын ойнаған шенеуніктер қызметінен қуылды

.

26 маусымда Парламент Палаталарының бірлескен отырысы өтеді

Парламент

«Ертіс қателікті кешірмейді»: Павлодар облысының әкімі тұрғындарға үндеу жасады

Ертіс