USD
USD
USD

Бейжің олимпиадасынан ел қоржынына бір алтын

«Алтын Самғау-2019» Ұлттық спорттық жүлдесінің салтанатты рәсімінде қазақстандық спортшыларға 2008 жылғы Бейжің Олимпиадасының жүлделері табысталды. 

Бейжің олимпиадасынан ел қоржынына бір алтын
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитетінің президенті Тимур Құлыбаев Халықаралық Олимпиада комитетінің атынан Алла Важенина мен Ольга Рыпаковаға 2008 жылғы Бейжің Олимпиадасының медальдарын тапсырды.

«Араға 10 жыл салып Олимпиада жеңімпазы атану күтпеген жағдай. Шынымды айтсам, менің күміс жүлде алтыннан да артық болды. Себебі бұл жеңіс жолында біз жаттықтырушым екеуміз көп тер төктік. Егер мен алтын медальды сол кезде ұтып алғанымда мүмкін басқа сезімде болар ма едім. Өйткені, мен Қытайдың ең үздік спортшысы Цао Лэймен бәсекеге түстім. Мен Олимпиадаға дейін Жапонияда өткен Азия чемпионатында оған жол бергенмін. Тек өкініштісі, Қазақстан әнұранының орындалмай қалғаны», – деді зілтемірші Алла Важенина.

Айта кетелік, 2008 жылғы Олимпиада ойындарының нәтижелері қайта қаралып, ауыр атлетика мен жеңіл атлетикадағы Қазақстан көрсеткіштерінде өзгерістер орын алды. Қазақстандық зілтемірші Алла Важенина 75 келі салмақта 2008 жылғы Олимпиада ойындарының алтын жүлдегері атанды.

Ал Ольга Рыпакова өз туған күнінде үш қарғып секіруден Бейжің Олимпиадасының күміс жүлдесін ресми түрде иеленді.

Қазір оқып жатыр

Қазақстандықтар бензин сапасына 92 рет шағымданған: көш басында қай қала?

бензин сапасы

Атырау мұнай өңдеу зауытында төтенше жағдайлар кезінде 100 тоннадан астам газ жағылған

Атырау мұнай өңдеу зауыты

Мешітте балаларды ұрған ұстазға қатысты қылмыстық іс қозғалды

Мешіт ұстазы

Көршісі ұрып, кейін өзі арыз жазған: әнші BikaBreezy ақталды

Bikabreezy