USD
USD
USD

Бейжің олимпиадасы: Шорт-трекшілер де медальдан қағылды

 Қазақ спортшылары үшін Бейжің Олимпиадасының кезекті күні аяқталды. Бұл жолы да қоржынға жүлде түскен жоқ.

Бейжің олимпиадасы: Шорт-трекшілер де медальдан қағылды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Бүгін шорт-трекшілеріміз сынға түскен еді. Бейжің олимпиадасындағы сәрсенбілік жарыс күні біздер үшін сәтті бола қойған жоқ. Әйелдер арасындағы командалық спринтте ел намысын қорғаған Надежда Степашкина мен Ксения Шалыгина мықтылардың соңынан ілесе алмады. Ал шорт-тректен 1500 метрде жарыс жолына Ольга Тихонова шыққан болатын. Алғашқы айналымда алдына жан салмаған Ольгаға венгр қызы кедергі келтіріп жерлесіміз топ бастаушылардан қалып қойды. Қайтадан қуып жетуге тырысып көріп еді,қарсыластары ұзап кетті. Жарыстан кейін Мәдіғали Қарсыбеков бастаған бапкерлер ұжымы төрешілерге шағым түсірді. Бірнеше минутқа созылған тексерістен кейін Тихоноваға кедергі келтірген  Венгрия спортшысы София Кония жарыстан шеттетілді. Алайда Ольганың өзіде канадалық спортшыға қарсы ереже бұзғаны анықталып, жарыс жолынан шығып қалды.

Қазір оқып жатыр

Щучинскіде сүйіктісін ұрып өлтірген ер адам 10 жылға сотталды

кісі өлімі

12 жылдық үкім жойылды: Шымкентте ҰҚК-нің бұрынғы подполковнигінің ісі қайта қаралады

Манат Сарбасов

Саша Барон Коэн «Борат» үшін қазақтардан кешірім сұрады

Борат

К1 жетіп тұр. Нұрбанк НЕГЕ қарыздың жартысын келесі жылы қайтаруы мүмкін?

Nur